|    |  
25 ақпан 2020
09:55
қаз
Шашты өсіретін сиқырлы қоспа
20 желтоқсан 2019, 18:12 108
Егер шашыңыздың ұзын болғанын қаласаңыз, оған арнайы күтім жасау керек. Ол үшін аптасына бір рет маска жасап тұруыңыз тиіс.



1. 30 гр ашытқыны 1 ас қасық сумен араластырып, 2 ас қасық бұрыш тотығын қосыңыз. Қоспаны шашқа жағып, 20 минуттан кейін сусабынмен жуып тастаңыз.

2. Бірнеше ас қасық шөп қайнатпасын 1 шай қасық ашытқымен араластырып, 30 минутқа қалдырыңыз. Жұмыртқаның сарысын 1 ас қасық ошаған майы мен бірнеше тамшы эфир майын қосып араластырыңыз. Шашқа жағып, сүлгімен орап алыңыз. Бір сағаттан соң жуып тастаңыз. Бұл масканы аптасына екі рет жасап тұру керек.

3. 1 ас қасық құрғақ ашытқыны 2 ас қасық қыздырылған сумен араластырыңыз. 1 шай қасық қант қосып, бір сағаттан кейін 1 ас қасық бал мен 2 шай қасық қыша ұнтағын қосыңыз. Масканы шашқа жағып, 1 сағаттан кейін сусабынмен жуыңыз. Бұл масканы аптасына бір рет жасауға болады.

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар