13 Декабрь
09:45
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Кербез
18 қаңтар 10:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Шашыңыз тез өссін десеңіз…

Шашыңыз тез өссін десеңіз, мына үш ережені ұмытпаңыз:

• Ұшталған шашты қиып отырыңыз:

• Шашыңызды күніне бірнеше рет тараңыз. Себебі, бұл бас терісінің қан айналымын және шаштың жылдам өсуін жеделдетеді.

• Мүмкіндігінше шашты өсіретін маскаларды жиі қолданыңыз.

Халықтық медицина да жақсы көмектеседі. Мысалы, бұрыштық тұнба бас терісінің қан айналымын күшейтіп, шаштың өсуін тездетеді. Қышыманың жапырағы мен сабағынан қайнатылған қайнатпаны жиі қолданған дұрыс.

Пияз маскасы. 4 ас қасық үккіштен өткізілген пиязбен бір ас қасық балды араластырып, оны бас теріңізге жағып, 40 минут ұстайсыз. Берілген уақыт өткен соң басыңызды сусабынсыз жуасыз.

Коньяк қосылған алоэ маскасы. Алоэ шырынын, бал, коньяк және сарыуызды қосып, араластырыңыз. Бірақ бұл масканы шашыңызды жуып болған соң басыңызға жағып, сыртынан целлофанмен орап тастаңыз. Арада бір сағат өткен соң сусабынсыз жылы сумен шайып тастаңыз.

Қыша (Горчица) маскасы. 2 ас қасық қыша мен зәйтүн майын, сондай-ақ 3 ас қасық айранды қосып араластырамыз. Кейін бұл масканы шашыңызға жағып, 30 минутқа қалдырасыз. Содан соң жылы басыңызды сумен шайыңыз.

Қыша (Горчица) маскасының тағы да бір түр бар. Ол үшін: 2 ас қасық қыша ұнтағы, 2 ас қасық жылы су, 1 сарыуыз, 2 үлкен қасық зәйтүн майын қосып, барлығын араластырыңыз. Бұл масканы бас теріңізге жағып, оны целлофанмен орап тастаңыз. Аталмыш процедураны 15 минуттан 1 сағатқа дейін ұстауға болады. Уақыт өткен соң жылы сумен шайыңыз.

massaget.kz
нравится:    1463
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии