|    |  
10 желтоқсан 2018
09:20
қаз
Шәууал айындағы 6 күн ораза
13 маусым, 15:10 237


Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім Рамазанда ораза тұтып, сосын оның артынан Шәууәлда алты күн ораза ұстаса, ол жыл бойы ораза тұтқанның сауабын алады» - деген. (Муслим) 

Бұл хадис Шәууәлдағы алты күн оразаны тұту Аллаға сүйікті амал екенін білдіреді. Фиқһ ғалымдары хадистегі "артынша ұстаса" деген мәтінді айт мейрамынан кейін арасын суытпай жалғастырса деген ұғыммен түсіндіреді. Алайда, бұл алты күнді Шәууәлдің соңына дейін ұстаса да жалғастылық үкімі үзілмейді - деген пікірдің де дұрыс екені құлшылық кітаптарында баяндалған.

Ал Рамазан айында қазасы бар адамдар "әуелі Рамазанның парыз етілген оразасын өтеп, одан кейін Шәууал айының оразасын тұтады. Себебі хадисте "Рамазанның оразасынан кейін" деп тұр. Ал қазасы бар адамдар үшін Рамазанның оразасы әлі бітпеген болып есептеледі" деген ғалымдар.


Жаңалықтар