15 Декабрь
04:50
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Экономика
8 тамыз 10:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Шай кәсібімен шұғылданған Айдар Тұрғанбек бизнесін тоқтатты
Былтыр “Жігіттер” квартетінің белді мүшесі Айдар Тұрғанбек шай шығару кәсібін қолға алған еді. “Айдар” шайдың жарнамасы бүкіл елді шарлады. Алайда Айдар бір жылдан кейін бұл кәсібін тастап кеткенін айтты.Әнші не себепті мұндай қадамға барғанын түсіндірді.



“Бір жігіттің ұсынысымен шай өндірісін бастадық. Адам пенде, бір байып қалғысы келеді. Жалпы кәсіпкердің бәрі оңай байып жатқан сияқты көрінеді ғой. Солай байып көреміз деп аштық, бір жылдай істедік. Соңғы жағында менің ісім емес екенін түсіндім. Өйткені менің ойым басқада болды. Өнерімнің қалып бара жатқанын түсіндім және де отбасыма уақыт бөле алмай қалдым. Әйелім де: «Уақытыңыз жоқ боп кетті. Үйде тұрмай кеттіңіз ғой», – деп айтты. Соңында бұл нәрсені істемей-ақ қояйын деп шештім. Алла өзі маған іс нәсіп қылар болашақта. Бірақ шай емес екен деп, рахметімді айтып, ол жерден кеттім”, – дейді Айдар Тұрғанбек.


 
Әншінің айтуынша, шайға деген сұраныс жоғары болған. Себебі шайдың ең сапалысын таңдадық дейді ол.

“Ең бастысы, сапалы шайларды алдырып істедік. Халықты алдамайықшы дедім. Өйткені қиянат қой. Сондықтан бір алған адам қайта-қайта сұрай берді”, – деді әнші ағынан жарылып.

Дереккөз: Stan.kz
нравится:    597
Теги: Бизнес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии