17 Август
05:40
Астана: 12 °C
Алматы: 16 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Кербез
3 тамыз 10:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Шай: пайдасы мен зияны

Шай демдегенде ерекше бап қажет. Аққұманды қайнаған сумен 2-3 қайтара шайып, оған шай (2 стақан суға 1 шай қасық) салып, үстіне қайнап тұрған суды, әуелі аққұманның ½ мөлшерінде құяды да, сәл-пәл қоя тұрады. Сосын отқа қойып, бұқтырып алғаннан кейін, аққұманды бүркеп сүлгімен не арнайы жұмсақ шүберекпен 5-7 минут тұндырады да, толтыра қайнаған су құяды. Егер шай түбіне толық тұнса, оның әзір болғаны деп біліңіз. Бұқтырылған шайды қыздырмайды, қайнатпайды және келесі күні шамбасына шай қосып демдемейді. Шайға ас содасын, күйдірілген қантты қоспайды. Егер шайға жаңадан қайнатылған судың орнына тұрыңқырап қалған жылы суды құйса да дәмі кетеді. Шайды фарфор немесе фаянс шәйнекпен демдейді. Шайды метал шәйнекпен шығарса, ол құсып кетіп, хош иісі мен дәмін жоғалтады.

Ыстық шай ағзаға зиян

Шайды ыстықтай ішуге болмайды. Өйткені ыстық шай кеңірдекке, ас жолы мен асқазанға кері әсер етуі мүмкін. Ұзақ уақыт ыстық шай ішу ішкі органдарды ауруға ұшыратады. Температурасы 62 градустан жоғары шай асқазанды бұзады. Шайдың температурасы 56 градустан аспауға тиіс. Шай дайындау үшін суды ұзақ қайнатқан дұрыс. Болмаса шайдың фенолы, эфирлік компоненттері қышқылданады, шай тұнықтығынан, дәмінің сапасы мен хош иісінен айырылады. Шайды бірнеше рет қайнатып ішуге мүлде болмайды. Әдетте үш-төрт рет қайнатқаннан кейін шай жапырақтарында пайдалы заттардың 50 пайызы, екінші қайнатқанда 30 пайызы қалады. Осылайша, оның құрамындағы пайдалы элементтер біртіндеп азайып, бірнеше рет қайнатқанда ондағы зиянды заттар көбейе түседі.

Сондай-ақ бұл сусынды кішкентай шыныаяқпен ішу керек. Сонда шайдың керемет дәмін шын мәнінде сезінуге  болады екен.

Қандай кезде шай ішпейді?

Шайды көп ішетін елдер арасында жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, адам басына шаққанда әр қазақ жылына 1-2 келі шай ішеді екен. Қазақтардың шайды қалай ішетіні туралы XIX ғасырдың орта шенінде жапондық зерттеуші М.Киттар «Қазақтар шай ішкенде уақыт та, орын да талғамайды. Кез келген тамақтан бұрын да, кейін де іше береді» деген екен. Алайда дәрігерлердің кеңесі бойынша оңды-солды шай іше беру денсаулыққа зиян.

1. Аш қарынға суық шай ішпейді. Себебі ол өт пен асқазанға зиян. Керісінше, жылы және ыстық шай бойды сергітіп, сананы сейілтеді. Суық шай бүкіл ағзаны тітіркендіреді.

2. Тағамның алдында шай ішпейді. Өйткені шай сілекейді қышқылдандырып, оның дәмін сезуді қиындатады. Мұндай жағдайда ас қорыту қызметінің протеинді сіңіруі уақытша азайып кетеді.

3. Тамақтан соң бірден шай ішпеген жөн. Ішкіңіз келсе, жарты сағат күтіңіз. Өйткені шай құрамындағы танин, протеин мен темірдің қатқылдануы тағам сіңімділігін төмендете түседі.

4. Дәріні шаймен ішпейді. Себебі шай құрамындағы заттар ыдырағанда пайда болатын таниннің әсерінен дәрі сіңімділігі төмендейді. «Шай дәріні бұзады», — дейді ежелгі қытай ойшылдары.

Шайдың жеті түрі бар


Көк шай — шай жапырағының күн көзіне кептірілген түрі. Көк шайдың пайдасы көп. Ол адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп, сейілтеді.

Сары шай — өте сирек кездеседі және шайдың ең қымбат түрі. Жылына 300-600 келі ғана өндіріледі. Бір ғана жерде, яғни Дунтиху өзені ортасындағы аралда өседі. Өте қатқыл, әсері күшті. Дайындау тәсілін қытайлықтар өте құпия ұстайды. Адам қуатын тез арада қалпына келтіреді.

Улун шайы — жартылай ферментті, ашық түсті. Бас пен ми жұмысына күш түскенде өте жақсы жәрдемдеседі.
 
Қызыл шай — (бізше қара шай) күшті ферменттелген шай. Бұл да көк шайға жатады, бірақ жиналғаннан кейін өте жоғары температурада кептірілген.

Қара пуэр — тым сирек кездесетін сорт. Жылына бірнеше келі етіп қана жасайды. Бұл шай кездейсоқ дайындалған. Шай плантациясынан дүкендерге әкелгеннен кейін, жаңбыр астында қалып қойып, қатты дымқылданған. Сөйтіп, бірнеше жылдар бойы қожайынның қоймасында жатқан. Кейін шайдың бір қорабын алып, дәмін көргенде қожайын шалқасынан түсе жаздапты.

Пуэр —  уақыт өткен сайын бағасы, құндылығы өсіп келе жатқан шайдың жалғыз түрі. Ол шайдың басқа шай түрлерінен әсері өте күшті.

Гүлді шай — гүлмен дәмін келтірген, жан рақаты үшін ішеді.

http://anabol.kz/bilgenge-marzhan/1710-shay-paydasy-men-ziyany
нравится:    559
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии