20 Август
04:37
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Кербез
19 қазан 12:49
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Шайды қай кезде ішуге болмайды?

Шай құрамындағы заттардың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы немесе зиян екені бұған дейін аз айтылған жоқ. Оны көпшілік жақсы біледі. Ал, шайды оңды-солды ішуді жақсы көретіндерге британдық ғалымдар бұл әдеттен арылу керектігін айтып отыр.

Шайды көп ішетін елдер арасында жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, адам басына шаққанда әр қазақ жылына 1-2 келі шай ішеді екен. Қазақтардың шайды қалай ішетіні туралы XIX ғасырдың орта шенінде жапондық зерттеуші М.Киттар «Қазақтар шай ішкенде уақыт та, орын да талғамайды. Кез келген тамақтан бұрын да, кейін де іше береді» деген екен. Алайда дәрігерлердің кеңесі бойынша оңды-солды шай іше беру денсаулыққа зиян.

Мысалы, кей адамдар үшін шай ішпеген жақсы немесе күнделікті пайдаланатын сусындар тізімінен алып тастағаны абзал. Жүкті әйелдер үшін шайды өте аз мөлшерде, мүмкін болса, тіпті ішпегендері дұрыс. Шайдың құрамындағы кофеин іштегі ұрықтың дамуына кері әсер етеді. Жапон зерттеушілерінің дерегі бойынша, 5 шыны аяқ қою шайдың құрамындағы кофеиннің мөлшері іштегі баланың салмағының жетпей туылуына себеп болады екен.

Ендеше, шайды қай кезде ішуге болмайды, соған тоқталайық:

Аш қарынға шай ішпеңіз. Ас қорыту жолындағы ішкі мүшелер шайдың кесірінен зақымдануы мүмкін.

Шайды өте ыстық кезінді ішуге болмайды. Ыстық шай ауыз бен жұтқыншақты, ары қарайғы ас қорыту жолдарын күйдіреді.

Шайды суып қалған күйінде ішуге болмайды. Ондай шайдың кесірінен қақырық тұрып қалуы мүмкін.

Шайды тым ащы қылып ішпеңіз. Ол денсаулыққа зиян. Егер түн уақыты болса, ұйқыңыз келмей, басыңызды ауыртуы мүмкін.

Дәрі-дәрмек қабылдаған кезде шай ішуші болмаңыз. Себебі шай құрамындағы заттар ыдырағанда пайда болатын таниннің әсерінен дәрі сіңімділігі төмендейді. Ол дәрінің күшін жояды.

Тұрып қалған шайды ішуге болмайды. Негізінде, шайлар демдегеннен 20-30 минуттай кейін өзінің құрамындағы заттарымен қышқылдану процесін бастайды. Хош иісті заттар мен пайдалы деген құрамдас бөліктері (фенол, липоид, эфир майы) жарамсыз болып қалады.

Қайта-қайта демдеген шайдың пайдасы жоқ. Керісінше, зияны көп. Алғашқы рет демдеген шайдағы пайдалы заттардың жартысына жуығын алсаңыз, екінші рет демдегенде 30%, үшінші рет демдегенде 20%, ал одан кейінгісін де 10% пайдалы заттарды ала аласыз.

Көп мөлшерде ішуге болмайды. Әсіресе, қара шайды көп ішу ағзаға зиян. Сондықтан, күнделікті қалыпты мөлшерді сақтаған жөн. Қалыпты мөлшер ащы емес шайдың 4-5 шыныаяғы болу керек.

Тамақтан соң бірден шай ішпеген жөн. Ішкіңіз келсе, жарты сағат күтіңіз. Өйткені шай құрамындағы танин, протеин мен темірдің қатқылдануы тағам сіңімділігін төмендете түседі.

​Baq.kz
нравится:    1362
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии