|    |  
20 қазан 2019
05:58
қаз
Шекарада желдеткіштер мен шамдар орнатылған жер асты жолы табылды (ВИДЕО)
27 қазан 2016, 09:33 32

 
Мексика полициясы шекарадан желдеткіштер мен жарық беретін шамдар орнатылған, ұзындығы 500 метрден асатын жер асты жолын тапты. Мұнда рельстер де орнатылған. Ені 1 метр, биіктігі 1,5 метрге жуық жер асты жолы 7 метр тереңдікте орналасқан. Жер асты жолы Мексиканың Тихуана қаласынан Америка құрама штаттарына қарай бағытталған. Құқық қорғау қызметкерлері бұл арадан 2 тонна марихуана тапқан.
 
Дереккөз: abcnews.go.com


Жаңалықтар