24 Август
12:42
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Кербез
14 тамыз 13:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Shepherd's pie


Сізге қажет болатын заттар:


Пияз — 1 бас
Сәбіз — 200 г
Картоп — 600 г 
Ұсақталып туралған қой еті (немесе  турама) — 500 г 
Сұйық май — 2 а.қ.
Ұн — 1 а.қ.
Вустерлік тұздық — 2 а.қ.
Сары май — 25 г
Майлы емес кілегей — 150 мл
Кептіріліп ұсақталған дәмдегіш шөптер— 0,5 ш. қ.
Қызанақ шырыны — 250 мл
Ұсақталған қара бұрыш
Тұз


Дайындау тәсілі: 

1. Картопты қабығынан тазалап, тұзды суға салып қайнатыңыз.



2. Піскен картопқа кілегей мен сары май құйып езбе жасаңыз.



3. Пиязды тазалап, ұсақтап тураңыз.



4. Сәбізді тазалап, оны ұсақтап төртбұрыштап тураңыз.



5. Табаға сұйық майды құйып пияз бен сәбізді жұмсарғанға дейін қуырыңыз.



6. Көкеністер қуырылған табаға ұсақталып туралған қой етін қосыңыз. Сосын оларды  орташа отта қуырыңыз. Оны ағаш қасықпен үнемі араластырып отырыңыз. Сосын оған ұн салыңыз. 5 минут күтіңіз. Сосын оған қызанақ шырынын, тұз, дәмдегіш шөптер мен бұрышты салыңыз. 10-15 минут ақырын отта қайнап кеткенге дейін бұқтырыңыз.



7.Запеканкаға арналған үлкен формаға қуырылған көкеніс етін жаймалап салыңыз.



8. Картоп езбесін көкеніс қосылған еттің үстіне саламыз. Оны суретте көрсетілгендей ітіп салу үшін асханалық қапшықты немесе кәдімгі полиэтиленген пакетті пайдалануға болады.



9. Сосын оны 25-30 минут ішінде 190 С пісіріңіз. Дайын болуға екі минут қалғанда біз гриль режимін қостық. Пирогты  аздап салқындатып, содан кейін ғана кескен дұрыс.

нравится:    991
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии