Әлем жаңалықтары
5 тамыз 16:12
Шешенстанда тек әйелдерге арналған жағажай ашылды
 

Шешенстанның демалыс базасында тек әйелдер шомылуға арналған жағажай ашылды деп хабарлайды Би-би-си. Республика Үкіметінің ресми сайтында  аталған жағажай  "Лагуна" демалыс орны базасында ашылғандығы туралы айтылған. Әйелдере арналған жағажайға анасымен біре тек 12 жасқа дейінгі ұл балалар кіре алады.
«Бұл жағажайға дінге қарамайды, оған кез келген әйел баласымен бірге келіп демалуға құқылы» деп жазады демалыс базасының әкімшісі Петимат Агаева.

Жағажай «әйел тәнін» сырт көзден қорғау мақсаттарында 3 метрлік қоршаумен қоршалған. Сондай-ақ онда ТЖМ құтқару қызметтерінің бекіттері жұмыс жасайды.


Ал ерлерге арналған жағажай әйелдердің жағажайынан бір шақырым қашықта орналасқан.

Комментарии




Яндекс.Метрика