19 Август
15:13
Астана: 20 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
12 қазан 11:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Шет тілін білудің қайтарымы орасан
Массачусетс Технология Институтында (MIT) жасалған зерттеу, нарықтағы «сұранысы» үлкен, ал «ұсынысы» кемшін тілдерді меңгеру үлкен абырой, қомақты қаражат әкеледі деген тоқтамға келді. Бүгінгі таңда Еуропа құрлығында неміс тілін білетін жұрттың бағы айрықша жанып тұр. Алман лұғатын еркін сапыратын бөгде ұлт өкілдері жалақыларына үстеме (бонус) ретінде жұмыс берушіден орташа 15000 еуро алады екен. Сәйкесінше, неміс тілін үйренуге ден қойғандардың саны күн санап артып, екі-үш тілді полиглоттар көбейіп келеді. Ал, қалтасы жұқарған грек қауымы өзгеден оза шауып, төтенше ыждағаттылық танытып жатса, несі таң?!


Зайыры, басқа жұрттың тілін меңгеру адам ұғлының қадір-қасиетін арттырып, түсінік-пайымын байыта түседі. Билингуалды жандардың айналадағы айқай, аттанға қарамай, ми жұмысын керек ететін қандай да бір тапсырманы ұсынақты орындайтыны да анықталған. Ал, Чикаго Университетінің оқымыстылары, екінші бір тілде ойлай алу қабілеті эмоцияны тұмшалап, мейлінше рационалды болуға жетелейді деп түйін жасаған. Бұл – бизнеспен айналысатын адамдарға пайдалы ақпар.

Осы орайда, қандай тілдерді меңгерген абзал деген заңды сұрақ туады. Қазіргі таңда ағылшынды екінші тіл қып қосақтап алған жалпы жұрт 500 миллион, ал оны ана тілім деп білетіндер 340 миллион. Анығы, алпауыт компаниялар ағылшын тіліне ерте көшкен. Іс-қағаздар тілі, негізгі жұмыс тілі – сөз жоқ, ағылшын.

The Economist-тің бизнес бөлімінің тізгінін ұстаған Даниел Франклиннің пікірінше, әлемде ағылшын тілін өкшелей қуып, «қанаты қатты, мойны бос» испан келеді. Алайда, оның әріптесі Саймон Лонг мүлдем кереғар бағытқа, Қытай жаққа сілтейді. Экономикасы екпінді, саясаты тегеурінді Қытай жұрты Конуфуций институттары арқылы тілдің аумағын ерекше кеңейтуде. Бұған қоса, аталған журнал жүргізген сауалнамада португал, арап тілдері де аса көп ұпаймен алдыңғы қатарға шыққан.

Дереккөзі: jakhan.kz
нравится:    726
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии