18 Декабрь
20:40
Астана: -18 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Авто
24 ақпан 12:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Шетелден көлік алып келетіндер қандай салық төлейді?
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу алым-салықтары мөлшерлемесіне қатысты Қазақстан Республикасы Салық Кодексіне енгізілген өзгертулер күшіне енді.



Бұл туралы ІІД-нің Әкімшілік басқармасының тіркеу-емтихан бөлімінің бастығы Маратбек Қалибеков хабарлады деп жазады azh.kz сайты.

Бұрын Қазақстан аумағында есепте тұрған механикалық көлік құралдарын (қозғалтқыштары бар көлік құралы) және прицептерді мемлекеттік тіркеуге төленетін ақы енді айлық есептік көрсеткіштің 0,25 пайызын құрайды (2016 жылы 1 АЕК 2 121 теңге), яғни, 530,25 теңге.

Қазақстан аумағына әкелінген механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін:

гибридті көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар көлік құралдары үшін: 1 жылға дейін – 0,25 АЕК; 1 жылдан 3 жылға дейін – 25 АЕК, яғни, 53 025 теңге; 3 жылдан асқан – 250 АЕК, яғни, 530 250 теңге;

электр қозғалтқышы бар көлік құралдарын қоспағанда, қарапайым көлік құралдары үшін: 1 жылға дейін – 0,25 АЕК; 1 жылдан 3 жылға дейін – 50 АЕК, яғни, 106 050 теңге; 3 жылдан асқан – 500 АЕК, яғни, 1 060 500 теңге;

микроавтобустар, автобустар, түрлі салмақтағы жүк көліктері үшін, 1 жылға дейін – 0,25 АЕК; 1 жылдан 3 жылға дейін – 240 АЕК, яғни, 509 040 теңге; 3 жылдан 5 жылға дейін – 350 АЕК, яғни, 742 350 теңге; 5 жылдан асқан – 2500 АЕК, яғни, 5 302 500 теңгені құрайды.

Мемлекеттік кіріс комитетінің барлық ішкі істер департаменттеріне таратқан нұсқаулығына сәйкес, алым төлеуде автокөліктің шығарылған жылы сәйкесінше жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңмен қабылданады, яғни, 2015 жылы шыққан автокөліктердің барлығы бір жылдық болып есептеліп, «бір жылдан үш жылға дейін» санатына жатады.

Сонымен қатар, ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес, үстіміздегі жылдың 28 қаңтарынан бастап шетелден әкелінетін автокөліктер мен қосалқы бөлшектерге «утилизациялық алым» алуды қарастыратын Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері ережесі күшіне енді. Қозғалтқыш көлеміне байланысты жеңіл автокөліктер: бір мың текше см.-ге дейін - 318 150 теңге; бір мыңнан екі мың текше см-ге дейін – 742 350 теңге; 2 001-ден 3 000 текше см-ге дейін – 1 060 050 теңге; 3 001 текше см және одан жоғары – 2 439 150 теңге.

Автобустар: 2 500 текше см-ге дейін – 636 300 теңге; от 2 501-ден 5 000 текше см-ге дейін – 1 060 050 теңге; 5 001-ден 10 000 текше см-ге дейін – 2 014 950 теңге, 10 001 текше см және одан жоғары – 2 121 000 теңге.

Жүк көліктеріне утилизациялық алым салу жүк көтеру сипаттарына байланысты: 2,5 тоннаға дейін – 318 150 теңге; 2,5-тен 3,5 тоннаға дейін – 424 200 теңге; 3,5-тен 8 тоннаға дейін – 530 250 теңге; 8-ден 12 тоннаға дейін – 636 300 теңге; 12-ден 20 тоннаға дейін – 1 060 500 теңге; 20-дан 50 тоннаға дейін – 1 802 850 теңге.

Импорттаушылары «утилизациялық алым» төлемеген автокөліктерді бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткізбеу керектігі туралы ҚР ІІМ бұйрығы бар.

Ереженің 7-тармағына сәйкес, егер автокөлік ҚР аумағында шығарылған немесе осы Ереже күшіне енгеннен бұрын ҚР аумағына әкелінген болса, иелері «утилизациялық алым» төлеуден босатылады.
 
нравится:    1409
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии