18 Август
14:45
Астана: 20 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Спорт
24 желтоқсан 15:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Шетелдік басылым Геннадий Головкинді «2015 жылдың боксшысы» атады
Proboxing-fans.com Геннадий Головкинді «2015 жылдың боксшысы» атады, деп хабарлады vesti.kz.





Басылым «Головкин қарсыластарының деңгейін, жекпе-жек жиілігі мен әрбіріндегі ерекше көзге түскен сәттерді атап өткен.

«WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) Proboxing-fans.com нұсқасы бойынша «2015 жылдың боксшысы» атанды», – делінген басылымда.

Биыл Головкин жеңістер санын 34-ке жеткізді, олардың 31-ін нокаутпен аяқтаған. Мартин Мюррей (11 раунд), кіші Вилли Монро  (6 раунд) және Давид Лемьені (8 раунд) нокаутқа жіберді.

Дегенмен, Proboxing-fans.com pound for pound (салмақ дәрежесіне қарамастан) рейтингінде Головкинді үшінші орынға қойды. Сондай-ақ, басылым қазақстандықтың жекпе-жектерін міндетті түрде қарауға кеңес береді, өткені онда Big Drama Show-дың болатынына кепілдік берді.

Бұл атаққа ие болуға үмітті боксшылардың қатарында Роман Гонсалес, Сауль «Канело» Альварес пен Тайсон Фьюри болды. Алайда, «Головкин қарсыластарының деңгейі, жекпе-жек жиілігі мен әрбіріндегі ерекше көзге түскен сәттері оның «2015 жылдың боксшысы» атануына жол ашты.
нравится:    700
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии