21 Август
01:18
Астана: 12 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Туризм
10 шілде 10:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Шетелдік туристерге Қазақстанның көрікті жерлерін аралауға кедергі келтірілмейді
Шектеу қойылған туристік аймақтар проблемасы 1-1,5 айдың ішінде шешіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаменті директорының міндетін атқарушы Тимур Дүйсенғалиев мәлім етті.Оның атап өтуінше, Қазақстанда шетелдік туристер үшін шекара маңы аймақтарындағы шектеу әруақытта да болған. Яғни, түрлі туристтік бағдарламалар арқылы елімізге келген шетелдіктер шекара маңы аймақтарына өту үшін Ішкі істер мининстрлігі, Шекара қызметі арқылы арнайы рұқсат қағазын алған. «Яғни, бұл режім баяғыдан бері бар. 



Ал бүгінгі күні туындап отырған проблема шекара маңы аймақтарының кеңеюінен туындады. Өткен жылғы Үкіметтің «Шекаралық карантиндік аймақ туралы» қаулысына сәйкес, Ресеймен, Орталық Азияның көрші елдерімен шекара маңы аймақтары 25 шақырымға кеңейтілді. Ал Қытайға байланысты жайт сәл қиындау. Ол жақта буферлік аймақ ретінде территориялық әкімшілік бірлік алынған», - деді ол.
Оның атап өтуінше, аталған режім аймақтарына кіруге ниет еткен шетелдік туристер жеті күн бұрын Ішкі істер министрлігіне өтініш беріп, арнайы рұқсат алуы тиіс.
«Іс жүзінде бұл шешілетін мәселе, тығырыққа тірелу емес. Дегенмен, бұл ыңғайсыздық туындатады», - деді Т.Дүйсенғалиев.
Оның сөзіне қарағанда, аталған мәселе туындаған сәттен бастап оны шешу жолдары қарастырылып, арнайы құжат әзірленген.



«Ағымдағы жылдың 15 маусымында ІІМ, ҰҚК, әкімдіктер, Қазақстан туристер қауымдастығы және барлық қоғамдық ұйымдарды қоса алғанда құжат келісілді. Қазіргі уақытта ол Премьер-Министр кеңсесінде келісілу үшін жатыр. Шешілуі тиіс қандай да бір ескертулер, мәселелер туындауы мүмкін. Бірақ, жағдайды түсіне отырып, біз 1-1,5 айдың ішінде бұл мәселе шешіледі деп отырмыз. Қаулы аталған туристік аймақтардың арнайы рұқсатсыз әдеттегідей режімде жұмыс істеуі үшін қажетті түрде шығады»,-  деді ол.

Дереккөзі: http://www.inform.kz/
нравится:    680
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии