12 Декабрь
12:27
Астана: -18 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Туризм
17 қыркүйек 17:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Шетелге шығатын азаматтарға жадынама


Жол жүргу құжаттарын дайындау


Шет елге шыққан кезде, ең алдымен, жол құжаттарыңыздың дұрыстығын тексеріп алу керек. Әсіресе, паспорттағы тегіңіздің, атыңыздың, әкеңіздің атының (латын тіліндегі транслитерациясы да), туған күніңіз бен туған жеріңіздің, балаларыңыз туралы мәліметтердің, паспортыңыздың аяқталу мерзімінің (паспорттың мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек) дұрыс жазылғанына көз жеткізіңіз. Егер өзіңізбен бірге 16 жасқа толмаған балаларыңыз бара жатса, онда әке-шешесінің біреуінің паспортына балаларды жазып, суреттерін жабыстыру керек немесе оларға жеке паспорт алуға болады. 


Жолға қанша ақша алу қажет?

Жолға аттанар алдында туыстарыңыз бен достарыңызға өзіңіздің сапарыңыз бен баратын жеріңіз туралы айтып, байланыс телефондарыңызды тастап кетіңіз. 
Баратын елдегі Қазақстан Республикасының елшілігі немесе консулдық мекемесінің телефондарын жазып алыңыз. 
Қазақстан Республикасынан үш мың АҚШ долларынан артық шет ел валютасын алып бара жатсаңыз, оны мағұлымдамада (декларация) жазып көрсету қажет. Қазақстан Республикасының азаматтары басқа елге қолындағы шет ел валютасын алған жерді растайтын құжатсыз он мың АҚШ доллары көлемінде ғана шет ел валютасын алып өте алады. Бұл сомадан артық валюта алып бара жатқан жағдайда, оларды растайтын мынадай құжаттарды көрсету қажет: айырбастау пунктінің шет ел валютасын сатып алғандығы жөнінде анықтама-куәліктер, банктік есеп-шоттан ақшаны шет ел валютасымен алғандығы туралы құжаттар, шет ел валютасын аударма арқылы алғандығы туралы банктік құжаттар, Қазақстан Республикасына алып кірген шет ел валютасы туралы кедендік декларация. Бірақ басқа елге барған кезде мағұлымдамада көрсетпеуге болатын ақша көлемін сұрап алыңыз.
 
Шет елде болатын мерзімге сәйкес дәрігерлік сақтандыру полисін алуды ұмытпаңыз. Ол саяхат кезінде жазатайым оқиғадан сақтану мен сақтандыру полисінде көрсетілген аяқ астынан болған дәрігерлік шығындардан сақтануға мүмкіндік береді.





Халықаралық туристік терминдерді білген дұрыс


Мүмкіндігінше шетелде сапарлаған кезде тілді білудің артықшылықтары көп болады. Ең жоқ дегенде халықаралық туристік терминдерде де бір жерге жазып қою артықтық етпейді, ол терминдер мыналар болуы мүмкін:

ОB (only bed) – енді ғана орналасу 
BB (bed end breakfast) – орналасу және таңғы ас
HB (half board) - орналасу және таңғы ас, кешкі ас
FB (full board) - орналасу және таңғы ас,  түскі ас, кешкі ас
SGL (single) – бір орындық нөмерге орналасу 
DBL (double) – екі орындық нөмерге орналасу 
TRPL (triple) – үш орындық нөмерге орналасу
 Suite -  люкс  нөмерге орналасу
Family room – жекелеген бөлмелері бар люкс нөмерге орналасу
Extra Bed – қосымша төсек 
Chi (child) - бала 
Ad (adult) – ересек адам 
SV (Sea View) – теңізге қарайтын жақ т.б.



Ауа райы ыстық елге барсаңыз
 

Ауа-райы ыстық елдерге баратын болсаңыз, алдын ала егілген жөн. Тропикалық елдерге баратындарға күл ауруына, сіреспеге, полиомелитке қарсы егілген дұрыс. Африка (Сахарадан оңтүстікке қарай) мен Латын Америкасына барар алдында безгекке қарсы міндетті түрде егілу керек. Меккеге баратындарға делбеге қарсы егіліп алған жөн. Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде ұзақ уақыт болатын болсаңыз В гепатитіне қарсы егілген дұрыс. 



Баратын елдің талаптарын  мен заңдарын зерттеп алу


Көп елдерде азық-түлік тағамдарын, спирттік ішімдіктерді, темекі өнімдерін алып кіруге шектеулер қойылғанын немесе тыйым салынғанын ескеру қажет. Мысалы, мұсылман елдерге қандай-да болмасын спирттік ішімдіктерді алып кіруге болмайды. 

Жеке заттарыңызға мұқият болыңыз

Шетелге сапарлаған кезде тек өзіңізге ғана сенуге тура келеді. Ақша және құжат, билет сияқты заттарды мұқият сақтаңыз. Немесе сенімді сақтайтын сейфтерге сеніп тапсыруға болады. Жол жүрген кезде ең дұрысы сейфтік қызметтер. Бағасы да қатты қымбат болмайды. Ақшаңыз бен бағалы заттарыңыз  сенімді сақталады.



Үйге қайтуға дайындалу


Шоттағы қаражаттарыңыз туралы  отель әкімшісінен біле аласыз. Қонақ үйден кетер алдында барлық тиісті төлемдерді төлеңіз. Әйтпесе сізді кедендік бақылау қызметінен өткізбей қоюы мүмкін. Телефон соққанда холда орналасқан автоматты пайдаланыңыз. Онымен соғылған қоңырау сізге арзан түседі.

Дереккөзі: http://www.turizm.ru/, http://szh.kz/
нравится:    978
Теги: Әлемге саяхат,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии