21 Сентябрь
05:45
Астана: 15 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Туризм
4 мамыр 18:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Шетелге шығуды жоспарласаңыз, алдымен төлқұжатыңызды тексеріңіз



Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) жоқ ұлттық төлқұжаттар жарамсыз болып табылады, олардың иелері мемлекеттік шекарадан өткізілмейді. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап, Қазақстандық туристік қауымдастық хабарлады.
«Азаматтардың ҚР шекарасы арқылы өткізілмеуіне байланысты шағымдар мен кикілжің жағдайларды болдырмау мақсатында шекарадан асуды жоспарлап отырған ҚР азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарында ЖСН жазылмаса, ҚР-ның «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңының 7-бабындағы 2-бөліміне, сондай-ақ ҚР-ның «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдемелері туралы» Заңының 13-бабындағы 3-бөліміне сәйкес олар жарамсыз болып танылады.  Осылайша, қалыптастырылған ЖСН жазылмаған құжаттарды ұсынған ҚР азаматтары Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткізілмейді. Мұндай құжаттар ҚР-дың «Мемлекеттік шекара туралы» Заңындағы 66-баптың 9-бөліміне сәйкес тәркіленеді», - деп хабарлайды қауымдастық Шекара қызметінің хабарламасына сілтеме жасап. 
ҚТҚ Шекара қызметімен консультация өткізгенін хабарлады. Шамамен 2004 жылға дейін шығарылған ескі үлгідегі төлқұжаттарда беттің оң жағында төлқұжат иесінің жынысы көрсетілген жерде  ЖСН туралы ақпарат жоқ.
Бірақ та бұл ақпарат машинамен есептелген төмендегі жолдарда тегі, есімі, төлқұжат нөмірі, туған жылы кері тәртіппен жазылған, сондай-ақ жынысы, төлқұжаттың шығарылған күні және соңғы 12 сан - бұл қалыптастырылған ЖСН.
«Төлқұжаттың бірінші бетіндегі төмендегі машинамен есептелген жолдар бар ҚР азаматтарын Шекара қызметі әдеттегі тәртіппен жібереді. Қалыптастырылған ЖСН және машинамен есептелген жазулар (яғни ескі төлқұжаттарда) жоқ ҚР азаматтары мемлекеттік шекара арқылы өткізілмейді», деп хабарлады Қазақстанның туристік қауымдастығы.  

Дереккөзі: Қазақпарат
нравится:    1040
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии