|    |  
17 қараша 2018
09:28
қаз
Шие жеу адам денсаулығына пайдалы
09 шілде, 09:17 877
Мичиган университетінің ғалымдары шие жемісінің пайдалы қасиеттерін анықтады. Тәжірибе кезінде зертханалық тышқандарға арналып, шие жеуден тұратын диета құрастырылды.


Уақыт өте келе, олардан алынған сараптама нәтижелері жеміс кеміргіштердің иммунитетін күшейткенін көрсетіпті.  Себебі олардың қанындағы холестерин деңгейі төмендеген. Ал бұл жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығуды тойтарады.  Екінші тәжірибе кезінде адамдарға шие шырыны ұсынылып, бұл да иммунитетке оңтайлы әсер еткен. Шие құрамындағы антиоксиданттар ағзадағы қышқылдарды реттеп, дәрумен, минералдар мен өзге микроэлементтердің уақытылы жеткізілуін қамтамасыз етеді. Шие жеген адамның тәбеті де жақсы болады, деп жазады epochtimes.ru. Сондай-ақ дене температурасын бірқалыпты ете алады. 

Дереккөзі: 24.kz
Теги: Денсаулық
Жаңалықтар