|    |  
15 қазан 2019
11:10
қаз
Шоколад қосылған чизкейк
08 қаңтар 2019, 15:49 43


 Керекті заттар: 

 сүзбе 500-600гр 
 сгущёнка 1/3бөлігі 
 ванилин шым-шым 
 кілегей сүт (33-35%) 250мг 
 желатин 30гр 
 су 100мг 
 шоколад 1/2бөлігі 
 сүт 50мг 

 Дайындау жолы: 

 1. Желатинді суға салып, 20 минут қойып қоямыз. Сүзбені, ванилинді жəне қойытылған сүтті блендерге салып, ұнтақтап, езіп аламыз. Желатинді отқа қойып, араластырып тұрамыз. Бетінде көбіктер пайда болып, желатин еріген кезде оттан түсіріп, суытамыз. Кілегейді көбікті крем болғанша шайқаймыз. 

 2. Сүзбе қоспасына, кілегейді қосып ақырын араластырамыз. Үстіне желатинді құйып, араластырып, формаға дайын массаны құямыз. Оны 2-3 сағатқа тоңазытқышқа қоямыз. Шоколадқа сүтті құямыз. Отқа қойып, ерігенше араластырып тұрамыз. Оттан түсіріп, суытамыз. Сəл суыған шоколадты торттың бетіне құйып, жан-жағына жеткізе жағамыз. Оны қайтадан 1 сағатқа, қатқанша тоңазытқышқа қоямыз. Сосын, қалағанымызша безендіріп, дастарханға ұсынамыз.
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар