20 Ноябрь
13:54
Астана: -1 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Кербез
12 мамыр 16:40
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Шоколадты-кокосты торт
 Дәмі тіл үйіретін кокос тортын жасау үшін сізге мынадай тағам түрлері қажет болады.



Коржекті жасау үшін:
• 3 жұмыртқа
• 150 г қант
• 100 г ұн
• 50 г крахмал
• 3 ас.қ. какао
• 1 пакет қопсытқыш
• 3 ас.қ. кокос жоңғасы

Крем жасау үшін:
• 0,5 литр сүт
• 5-6 ас.қ.  манка
• 200 г. сары май
• 2/3 ст. қант
• 200 г. кокос жоңқасы

Арасына жағатын езбені дайындау үшін:
• 8 ас.қ. қант
• 12 ас.қ. су
• 4 ас.қ. коньяк

Шоколадты глазур үшін:
• 4 ас.қ. қант
• 4 ас.қ. сүт
• 2 ас.қ. какао
• 50 г. сары май

Тортты дайындау жолдары
Коржекті дайындау:
• қант пен жұмыртқаны қосып, көпіршік болғанға дейін араластыру
• ұнды, крахмал, қопсытқышты қосып, барлығын жақсылап араластыру.
• кокос жоңқасы қосу - араластыру


Дайындалған қамырды формаға жайып,  шамамен t 180-та 25 минуттан пісіру керек. Дайын піскен бисквитті суытып 2-3 коржкке бөлу керек.

Кремді жасау:
 Сүтті пісіргеннен кейін оған ақырындап манканы себезгілеп сала отырып, манка ботқасы дайын болғанша араластыру керек. Аздап суыған манка ботқасына кокос жоңғасын қосып араластыру қажет.  Жеке ыдысқа  бөлме температурасында жібітілген сары майды қант қосып, май толық ерігенше араластыру қажет. Содан кейін оған дайын тұрған кокос ботқаны қосып жақсылап араластырыңыз.

Арасына жағатын езбені дайындау:
Суды қант қосып қайнатыңыз, аздап суытыңыз және оған коньяк қосып араластырыңыз.

Шоколад лазурлері үшін:
Қант, сүт, какаоны қосып ақырын отқа қоясыз, оларды қоюланғанға дейін жақсылап араластыра беру қажет. Болды-ау деген кезде оған сары майды қосып, май толық еріенше араластыру қажет. Аздап суытқан жөн.

Тортты жинау:  төменгі корждарға алдын-ала коньяк сироптарын сіңіртіп алу қажет, содан кейін дайындалған кремді, шоколад глазурін жағып тортты қатпарлау қажет. Тортты жинап біткеннен кейін оның тоңазытқышта біраз уақытқа дейін тұрғаны дұрыс. Торт дайын болды!

Асыңыз дәмді болсын!!!
 
нравится:    3119
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии