|    |  
20 қазан 2019
16:14
қаз
Шоколадты оладьи
19 мамыр 2017, 11:22 43

Таңертеңгісін тез дайындалатын әрі дәмді тағам дастарқаныңызда тұрғанын қаласаңыз бүгінгі біз ұсынған рецепті пайдаланыңыз. Бар болғаны 5 минутыңызды алады.

Құрамы:

-400 г айран,

-300 г ұн,

-60 г қант,

-40 г какао,

-1 жұмыртқа,

-2 г ас содасы,

-5 мл лимон шырыны,

-60 мл өсімдік майы.

Дайындалуы:

Алдымен лимон шырыны, қант, жұмыртқаны араластырамыз. Артынан ұн, какао, соданы қосамыз. Қоюлау қоспа дайын болғанша араластырамыз. Және осы күйінде ұзақ тұрмауы қажет. Сондықтан тезірек табаға майды құйып, оладьиімізді қуырып аламыз. Мұндай оладьидің ерекшелігі, қуыру барысында көтеріліп, көлемдірек болады да, суығанда да сол қалпын сақтайды.

Асыңыз дәмді болсын!


Жаңалықтар