24 Август
11:07
Астана: 24 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Туризм
27 мамыр 14:23
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Шри-Ланка – піл, шәй және буддизм аралы
Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы (1972 жылдың 22 мамырына дейін Цейлон) – Оңтүстік Азиядағы Цейлон аралында орналасқан мемлекет.
Британ Достастығы құрамына кіреді. Шығысын Бенгаль шығанағы, оңтүстік  Үнді мұхиттың ашық айдыны шаяды. Жер аумағы 65,6 мың км2. Халқы 19,4 миллион адам.



ТУРИЗИМ МЕН ЖАУҺАРЛАР АРАЛЫ



1972 жылы 22 мамырда Цейлон Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы болып жарияланды. Жаңа конституция бойынш Шри-Ланка Ұлыбританиядан саяси тәуелсіз елге айналды.
Көркем жағажайлары мен көз тартар табиғаты бар бұл мемлекет талайлардың жүрегін жаулап үлгерді. Туристер қауымы Шри-Ланкаға "қысқы демалысқа ең лайықты жер" деген атақ берген екен. 



Шри-Ланка әлемде шәй экспорттау жөнінен бірінші орында тұрды. Бұл дегенің Шри-Ланка жағажайына демалысқа барып жақсы шәйді қайдан ішсем екен деп ойланбайсыз деген сөз. Атақты цейлон шәйінің отаны да дәл осы жер.
МӘДЕНИЕТІ, ДІНІ ЖӘНЕ КӨРНЕКІЛІ ОРЫНДАРЫ
Калутара, Бентота, Хиккадува – бұл ең танымал демалыс орындары болып саналады. Шри-Ланканың астанасы – Коломбо. Ол порты қала. Қалада кәдесый  сататын  көптеген дүкендер орналасқан. Коломб Ұлттық мұражайының экспонаттары мыңдаған туристердің қызығушылығын арттырып отыр.



Цейлонның ең көне ескерткіштері — буддалық зор символикалық күмбездер; мұнда оларды дагобалар деп атайды. Сингал патшалығының бірінші астанасы Анурадхапурада біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырдан бастап Тхупарама, Махатхупа, Абхаягири,Джетаванарама сияқты әйгілі құрылыстар салынды. Бұлар көлемі жөнінен Мысыр пирамидаларына жақын жартылай сфералы қоңырау бейнелі, кірпіштен қаланған монументті құрылыстар болып саналады.



Анурадхапураға жақын жерде, Михин алқабында оқшау тұрған Катака-четиясимволикалық күмбезі бар. Бұл біздің дәуірімізге дейінгі I ғасырға жатады және адам қолы тимегендей алғашқы қалпында сақталған. Осы арадан сондай-ақ бір кезде вахалькалар тұсындағы қабырға текшелерін безендіріп түрған сәндік мүсіндер бөлшектері де табылды.



Анурадхапурадағы отырған Будданың тастан жасалған әйгілі алып мүсіні осы тектес туындылардың бірден-бір куәлігі. Ол туралы жылнамалар, көне жазбалар мен будцалық табынушылар әңгімелері баяндайды. Ең ертедегі куәлік қытайлық табынушы фа Сяньдікі. Ол былай деп жазады: «Пагодаға жақын жерде (Анурадхапураның солтүстігінде) «Қорқыныш жоқ тау» деп аталатын (Абхаягири) монастырь салынды; мұнда қазір бес мың монах тұрады. Мұнда алтынмен, күміспен, асыл тастармен безендірілген. Бұл  әлемде кездеспейтін қолөнер түрлері Шри- Ланка елінің туристік тартымдылығын арттырып отыр.



Сигирия– Шри Ланкадағы Матал ауданында орналасқан таулы бекіністің қалдығы. Су жинайтын көне сыйымдылықтар, ат шаптырымдай үлкен бақтар мен тағы басқа да толып жатқан құрылыстар бар. Сигирияның құрылысы король Кассапа I (477 б.э. – 495) кезінде басталған деседі. Әлемдегі ең қымбат жеті мұраның бірі. Біздің кезеңімізге дейін Сигирияда адамдар тұрған. Оны таулы монастырь ретінде пайдаланған.


Шри-Ланкада пілдер тұратын аумаққа бару сіздің демалысыңызды одан әрі мағыналы және қызықты етеді. Пілдер бұл аралда ең сүйікті жануар болап есептеледі. Олар діни ғұрыптар мен мерекелердің ажарамас бір бөлігі болып табылады. Сіз осы жерден пілдердің суда шомылғандығын және тамақ ішкенін жақын жерден көре аласыз.

Дереккөзі : http://www.1000statei.ru/
нравится:    2652
Теги: Әлемге саяхат,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии