|    |  
24 мамыр 2019
14:08
қаз
​Шварценеггер бизонның бұзауына емізікпен сүт берді (фото)
31 мамыр 2016, 11:22 9

Атақты актер Арнольд Шварценеггер Африка құрлығында өзінің атындағы Arnold Classic 2016 бодибилдерлер сайысын өткізу кезінде бизонның төліне емізікпен сүт берді. Голливуд жұлдызының Instagram желісіндегі парақшасында пайда болған суретте Шварценеггер өзге тірліктің бәрін ұмытып, сүтті тауыса ішкен төлдің әрекетіне балаша қуанып тұр.

«Мен мұнда бизонның төлін кезіктірдім. Өзі қатты ашығып қалыпты»,- деп жазған екен парақшасына «темір» Арни.


24.kz


Жаңалықтар