|    |  
10 желтоқсан 2018
22:38
қаз
Швеция королі азаматтарды ынсапты болуға шақырды
12 сәуір, 11:51 715
Швеция королі Карл XVI Густав денсаулық және экология жайлы ойлары себепті азаматтарға ет пен мармеладты аз жеуге шақырды жергілікті БАҚ сілтеме жасай отырып ТАСС хабарлайды.



Ауыл шаруашылығымен айналысып, 1970 жылдардан бері қоршаған ортаны қорғау мәселесімен белсенді түрде шұғылданып келе жатқан 69 жастағы монархтың ойынша, шведтерге мармеладты да аздап жеу қажет.

«Мен ет өнімдерін өндірумен айналысамын, бірақ ет жемеймін. Оған медициналық, экологиялық тұрғыдағы пайымым себеп. Әрине, ет жеу – пайдалы. Алайда күн сайын бифштекс жеудің жөні бір бөлек», – дейді король.

Еске сала кетейік,  Карл XVI Густав өткен жылы халқына су қорына ұқыптылықпен қарау керектігі жайында үндеу жасаған еді. Ол табиғатты сақтау үшін, ваннаға түсуден бас тартуды ұсынды.
 


Жаңалықтар