|    |  
21 қараша 2018
19:00
қаз
Швециялық әнші «Евровидение-2015» жеңімпазы атанды
25 мамыр, 09:53 748
Швециялық әнші «Евровидение-2015» жеңімпазы атанды24 мамырАвстрия астанасы Венада «Евровидение-2015» ән байқауының ақтық сыны аяқталды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ. 
Дүбірлі ән додасының жеңімпазы «Батыр» әнімен өнер көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленген швециялық әнші Монс Сельмерлев атанды.

Ал екінші орынды «A million voices» әнін шалқытқан ресейлік әнші Полина Гагарина иеленді.

Байқаудың үшінші орынын «Grand Amore» әнімен итальяндық Il Volo триосы иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін бұл сахнада 27 елдің орындаушылары өнер көрсетті. Олардың ішінде Словения, Франция, Израиль, Эстония, Ұлыбритания, Армения, Литва, Сербия, Норвегия т.б. елдер бар.

Байқау шарты бойынша енді жеңімпаз атанған ел – Швеция келесі жылы байқауды ұйымдастыру құқығына ие болады.
Теги: Главная
Жаңалықтар