20 Октябрь
18:35
Астана: 8 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Туризм
24 мамыр 11:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Швециялық турист Қазақстан аумағын түйемен аралап өтті
Саяхатшы түйеге мініп, Алматы облысынан Каспийге дейінгі аумақты кезіп өткен.

 
 
43 жастағы турист саяхатын 8 ай бұрын бастапты. Шетелдік турист Гуллят атты түйесімен тек ағылшын тілінде «тілдеседі» екен. Кристиан Қазақстанда Моңғолия арқылы келген.
 
«Саяхат барысында мен Қазақстанның 4 мезгілін көрдім. Көшпелілер рухын сезіндім, Жібек жолының бойымен жүрдім. Енді Каспий теңізін көргім келеді»-дейді Кристиан БОДЕГРЕН.
 
Каспийге жеткеннен кейін Астанаға кері қайтпақ. 7 шілдеде өтетін «ASTANA ART FEST» фестиваліне қатысуды жоспарлап отыр. Ол түйені Атырауға қалдырып, Астанаға көлікпен келмек.
 
«Бұл күндері мен көптеген жақсы адамдарды кездестірдім. Қазақстандықтар өте қонақжай екен. Жолсапар күнделігін жазамын. Бүкіл әлемге Қазақстан туралы айтуға асықпын»-дейді өзі.
 
"ЭКСПО-2017" көрмесінің аясында Кристиан заманауи көшпенділік туралы фильмін көрсетпек.
 
Дереккөз: Мой Город
нравится:    356
Теги: Менің Қазақстаным, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии