17 Декабрь
08:21
Астана: -23 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
26 мамыр 15:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Швейцарияда мұсылман оқушылардың ұстаздармен қол беріп амандасуы міндеттелді
Швейцариядағы Базель-Ланд қаласындағы мектепте мұсылман оқушылар ұстаздармен қол беріп амандасуға міндеттелді. Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.



Егер, олар бұл тәртіпке бағынбаған жағдайда 5 мың швейцар франкі (5036 доллар) көлемінде айыппұл салынады.

Қол беріп амандасуға қарсылық өзге адамдарды өзі ұстанатын дін тәртібін орындауға мәжбүрлеу деп бағалануы мүмкін. Сонымен қатар, Базель-Ланд мәдениет, спорт және білім департаментінің қызметкерлері қол беріп амандасу швейцария мәдениетінің дәстүрлі түрі екенін, оған қарсылық танытқандарға қатысты кейін жұмысқа орналасу, мансап қуу кезінде кедергілер шығуы мүмкін екенін ескерткен.

Бұл жағдайға себеп болған Тервиль қаласындағы мектептердің бірінде болған оқиға. Онда екі оқушы ұстазға қол бермей, мұсылмандарда ер мен әйелдің денесі жанаспауы тиіс деген уәж айтқан. Сосын мектеп әкімшілігі оқушылардың уақытша қол беріп амандаспауына мүмкіндік беріп, жағдайды өз қарауларына алған еді.
нравится:    664
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии