19 Ноябрь
07:11
Астана: -4 °C
Алматы: 3 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Экономика
4 мамыр 16:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Швейцариялық банктер жарты ғасыр бойы пайдаланылмаған мыңдаған есепшоттар туралы хабарлады
Швейцариялық банктер 1955 жылға дейін ашылған, алайда осы жылдарда пайдаланылмаған бірнеше мыңдаған есепшоттар бар екеніні мойындады, деп хабарлады РБК.Алайда банкирлер бұл есепшоттардың нацистерге ешқандай қатысы жоқ екенін айтады.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл ақпаратты ашуға швейцарлық банктерді 60 жылдан астам уақыт бұрын ашылған және бірақ та соңғы елу жылда пайдаланылмаған есепшоттар туралы хабарлау жөніндегі жаңа заң мәжбүрледі.


Швейцария банктері қауымдастығының ресми өкілі журналистерге әңгіме ел азаматтарының ғана емес, шетелдіктердің де есепшоттары туралы болып отырғанын ұқтырды. Бірақ ол бұл арада нацистердің салымдарымен ешқандай байланыс жоқ екенін атап көрсетті.

Welt am Sonntag басылымының мәліметтері бойынша, 1940 жылы Германия азаматы ашқан бір есепшот қана күмән туғызды. Онда 1000 швейцарлық франк сақталған.
Бүкіләлемдік еврей конгресі швейцарлық банктердің пайдаланылмаған есепшоттар туралы мәліметтерді ашуын талап етіп келеді, олар мұндай есепшоттарда нацистік Германияның бұрынғы басшыларының ақшалары болуына үміт етеді, соның арқасында Холокост құрбандарына өтемақы төлеу мүмкіндігі туындар ма екен деп дәмелі.
Швейцариялық банктер көптеген ондаған жылдар бойы өздерінің салымшылары туралы ақпаратты құпия сақтай білуімен даңқы шыққан болатын, бұл салықтардан кірістерін жасырғандарды іздеумен айналысатын ұйымдардың наразылығын туғызуда. 
 
нравится:    639
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии