20 Ноябрь
15:41
Астана: -1 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Туризм
29 шілде 10:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Шығыстың кестелі келбеті туристерді шақырады (видео)
Алтай тауларының көп бөлігін алып жатқан Шығыс Қазақстанда туризмді дамытуға зор мүмкіндік бар. Шөл даладан бастап ну орман алқаптары, биік шыңдардағы альпы  шалғындары мен мұздықтарға дейін созылған ландшафтты-климаттық аймақтардың біртұтас жиынтығы.



Орман  мен өзендерге, балық пен балға, емдік шөп пен кенге, туристердің көзін тартар табиғи естеліктерге бай бұл жердің анағұрлым аумағының табиғаты тұмса және экологиялық таза болып сақталынған. Мұнда Сібір мен Алтайдың ең биік шыңы-қасиетті Белуха тауы бар (4506 м).

 

Шығыс Қазақстан аумағының жануарлар дүниесі алуан түрлі жан- жануарлар мен аңдарға, жәндіктерге бай. Онда сирек кездесетін бұлғын, құндыз, тиін, күзен, түлкі, саршұнақ,суыр, борсық, қасқыр, аю, марал, теңбіл бұғы, қоян, арқар т.б. мекендейді. Өзендері мен көлдерінде балықтың 33 түрі бар. Атап айтсақ, табан, сазан, шортан, ақ қайран, тұқы және т.б.



Шырайлы шығыстағы тағы бір әcем жерлердің бірі Бұқтырма су қоймасы. Бұқтырма – ШҚО аумағымен ағып өтетін өзен, Ертістің оңтүстік саласы. Бұл өзенде су қоймасы орналасқан, ол әлемдегі жасанды су қоймаларының ішіндегі ең ірілерінің бірі.
 
Бұқтырманың оңтүстік және солтүстік жағалаулары туристердің сүйікті орны, сондықтан демалыс аймағы болып табылады. Сол жағалауы енжар туризмге арналса, оң жағалауы белсенді демалыс үшін өте ыңғайлы. Суының көлемі жағынан ол дүние жүзінде төртінші, ал су сыйымдылығы жағынан жиырма төртінші орын алады. Бұқтырма су қоймасының көлемі 5490 шаршы шақырым, ені 40 шақырым, ал ең терең жері 80 метр.
 
Табиғатының әсемдігі жақсы сақталынған, терең өзендерге бай, «қара» және «қызыл» балығы мол, аң және құс аулау мүмкіндігі, қарлы маусымы ұзаққа жалғасатын  таулы аймақтар, емдеу-сауықтыру орындары (радонды бастаулар мен пантымен емдеу) мұның барлығы  зор табыс әкелетін қуатты туристік индустрияны құруға мүмкіндік туғызары қақ. 



Қазақстанның Алтай аумағында ТМД және Балтық жағалауы елдерінің туристері  көп жылдар бойында әртүрлі саяхат құруда,бұл:альпы шыңдарын бағындыру және ат үстіндегі саяхаттар сияқты түрлі туристік бағыттарды құруға зор мүмкіншілік берері шындық. 
нравится:    2704
Теги: Менің Қазақстаным,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии