24 Август
01:19
Астана: 16 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Туризм
6 тамыз 10:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Шымкент-Шардара бағытында тікелей әуе рейсі ашылды
Енді Шымкенттен курортты қала – Шардараға 20 минутта ұшып баруға болады. Екі аралықтағы әуе қатынасы күзге дейін қалпына келтірілмек.



Сол үшін облыс бюджетінен 200 миллион теңге қаржы жұмсалады. Алдымен 1625 метрлік ұшып-қону алаңы толық жөнделіп, ескі әуежайдың айналасы қоршалады. Арнайы жұмыс тобы қазір өңірде әуе тасымалымен айналысатын компаниямен келісім жүргізіп жатыр.

Билет құнының бір бөлігі мемлекеттен субсидиялануы мүмкін дейді жергілікті әкімдіктегілер. Шардара әуежайынан келешекте Алматы мен Астана бағыттарына қарай да рейстер ашылмақ. Ауданда туризмді дамыту үшін арнайы бағдарлама қабылданған.

Инвесторлар да жоқ емес. Өйткені онда туризм жыл он екі ай тоқтамайды. Қазірдің өзінде шомылу маусымында 30 мыңнан астам турист барып демалған.

“Қазір бізде таксилердің өзі 2 мың теңге алады. Егер ұшақ 5 мың теңге болса, бұл уақыт жағынан да барлық жағынан халыққа ыңғайлы болады. Туризмді дамытсақ, көптеген қонақүй мен мейрамханалар салынады. Қала-аудан бюджетіне кіріс келіп, экономикамыз жақсарады”, – дейді Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рауан Қошымов.

Дереккөзі: 24 kz
нравится:    962
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии