16 Декабрь
19:06
Астана: -19 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
9 маусым 16:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Шымкентте перзентхана қызметкерлері нәрестелерді 3 мың доллардан сатқан


Шымкенттегі №1 перинатальды орталықтың нәрестелерді саудаға салған дәрігерлеріне қатысты жағдайдың егжей-тегжейі анықталды. Ақ халаттылар аналары бас тартқан сәбилерді $1-3 мыңға сатқан деп хабарлайды "Интерфакс".

«Қазіргі уақытта екі тұлғаны қамауға алу санкциясы берілді. Бірақ бұл қылымысқа бір топ адамның қатысы бар. Қалғандары тергеуге алынды»- делінген  прокуратура таратқан мәлімдемеде.

Сатылған нәрестелерден аналары бас тартқаны белгілі болды. Оларды әр түрлі себептермен бала көтере алмай жүрген отбасылар $1-3 мыңға сатып алған. Сатып алушының аталмыш перинатальды орталықта сәбиді босанғанын растайтын жалған құжаттар әзірленіп отырғаны белгілі болды.

Жаңа туған нәрестелерді сатып алушылар Оңтүстік Қазақстан мен өзге аймақтардан болған. 10-нан астам сәби сатылып кеткені анықталды. Прокуратура қызметкерлері бұл санның өсуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
нравится:    1065
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии