17 Август
23:33
Астана: 20 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
5 тамыз 09:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Шымкентте жылан үйге кіріп, тотықұсты жеп қойды (видео)
Шымкентте асыранды тотықұс жыланның құрбанына айналды. Суыт хабар 112 нөміріне түскенде құтқарушылар аса таңырқай қойған жоқ. Себебі, күн жылығаннан бері жыландардың адамдардың үйлеріне неше рет шақыртусыз кіргенінде есеп жоқ.


Дегенмен, бұл жолғы оқиға табиғат жануары үшін қайғылы аяқталды. Көрсетілген мекенжайға облыстық төтенше жағдай департаментіне қарасты апатты құтқару жасағының мамандары аттанады.

Олар келгенде үй иесі бірден тотықұс тұратын торды меңзепті. Басқа ештеңе айта алмаған. Сөйтсе, бауырымен жорғалаушы үйдегі адамдарды қорқытып қана қоймай, тотықұсты жем қылыпты.

Шақыртусыз келген қонақтың тор тұрған тоңазытқыштың үстіне қалай шыққаны белгісіз. Ал жемтігін жұтқан соң қайтып тордан шыға алмай қалыпты.  Сөйтіп, құтқарушылардың қолына оп-оңай түсе қалды. Дегенмен, жыртқыштың ұсталғанынан тотықұстың иесіне енді пайда жоқ.



Дереккөзі: otyrar.kz
нравится:    1816
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии