21 Август
04:58
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
20 қаңтар 14:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Шынайы жақсылық өтеусіз қалмайды (фото)
Жақсылық жасауға құштарлық өмір сүру салтын басқа арнаға өзгертеді.  Қытайлық екі көзі көрмейтін су қараңғы Дзя Хайся мен оның екі қолы жоқ досы Дзя Венчидің 12 жыл ішінде қу даланы жайқалған баққа айналдырудағы атқарған  ерлік істері көпшілікті таң қалдырды. Бұл туралы kulturologia.ru сайты жазады.



Екі дос күн сайын ағаш отырғызады.




Достар барлық істі бірлесіп атқарады. Олар екі жарты бір бүтін.






53- жастағы Хайся туған кезде көзінде ақаулық болған. 2000 жылы орын алған жазатайым оқиға оның мүлдем суқараңғы болып қалуына алып келді. Ал оның досы Венчи 3 жасында екі бірдей қолынан айырыған. Екі дос  ауылды көктем мезгілінде таситын өзен суынан қорғау, жергілікті экологиялық жағдайларды жасқарту үшін ауыл маңына көп ағаш отырғызуға бел буады. Сөйтіп олар  12 жылдың ішінде 10 000 түп ағаш отырғызады.










Қытай арнасынан көрсетілген сюжет шынайы жақсылық істеуге құштарланған екі досты әлемге әйгілі етті.





Хайся және Венчидің көзсіз еріктері ескерусіз қалған жоқ.  Қазірі кезде жарымжан жандардың адам сенгісіз «ерлік істері» туралы көпшілік аңыз қылып айтып жүр. Қытайдағы көптеген адамдар оларға қолдау көрсетіп жатыр, кейбірі екі досты өміріне жететін жәрдемақымен қамтамасыз етсе, енді біреулері Хайсяның көзіне операция жасау туралы өтініштер жасап жатыр. Міне, шынайы істеген жақсылықтың өтеуі осы...










 
нравится:    866
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии