20 Октябрь
18:35
Астана: 8 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Мәдениет
7 қазан 12:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«ШЫҢЫРАУ» ФИЛЬМІНІҢ ТҮСІРІЛІМІ АЯҚТАЛДЫ
Әбіш Кекілбаевтың  «Шыңырау»  повесіне арқау болған режиссер Жәнібек Жетіруов түсірген фильмнің түсірілім жұмыстары аяқталды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген бұл фильм қазір монтаждау кезеңінде тұр.



–Комедия және экшн жанрындағы фильмдердің сұранысқа ие екеніне қарамастан,  Әбіш Кекілбаевтың классикаға айналған «Шыңырау» шығармасын үлкен экраннан көрермен назарына ұсынуды жөн деп таптық.  Бұл пәлсапалық картинада көрініс тапқан көркем декорациялар, костюмдер және көз тоярлық әдемі табиғат аясындағы романтикаға толы сахналар, Каспий теңізі, сырға толы Маңғыстау өңірі көрерменді бей-жай қалдырмайды деп ойлаймын. Меніңше, біздің фильм өз ұлтының тарихынан хабардар, классикалық әдеби шығармаларды ұнататын, терең ойланатын аға буын мен жас буын көрерменге арналған фильм. Сондай-ақ,бизнесмендермен қатар, қарапайым еңбек адамдарына да біраз ой тастайтын фильм. Және де фильмді көрген адам осы өңірге жаңаша көзқараспен қарап, осы аймақтың табиғатын сақтап қалудың жолдарын қарастыруға ықпал етеді, – деді фильмнің режиссері Жәнібек Жетіруов.
Режиссердің айтуы бойынш, фильмның монтаждау кезеңінде көптеген жұмыс атқарылған. Олар – дубльдерді таңдау, сахналар мен эпизодтардың қатарын нақтылау, сахнаның және жалпы фильмнің ритмін анықтау. Фильмді дыбыстап, сахна бойынша қажетті музыка жазылған.  Кейіпкерлерді дыбыстау үшін дауыстар таңдалып, кастинг жүргізілген. Аталмыш кастингке жүзден астам актер қатысқан екен.
–Картинада бірқатар драматургиялық қақтығыстар бар. Ол көзқарастар мен сенімдер қақтығысы, отбасылық қақтығыс, адамның өзімен қақтығысы, дүниетаным қақтығысы,  құдық қазушылардың арасындағы қақтығыс, өзара түсініспеушілік. Фильмдегі пікірлестер, достар, одақтастардың өзара келіспеушілігінің соңы үлкен теккетіреске ұласады және терең ойламаудың, сондай-ақ,  орын алған жағдайды қабылдамаудың кесірінен көптеген қиындықтарға тап болады.. Фильмнің шиеленісі әке мен бала арасындағы, ой мен жүрек, махаббат пен өшпенділік, жаңа мен ескінің қақтығысы.  Фильмнің бас кейіпкерлері – ауыр еңбектен қажыған құдық қазушы Еңсеп, керең болса да жаны ізгілікті қалайтын, адами қасиеттерге бай Оспан және жас қос ғашық Ақмоншақ пен Асылхан, – деп режиссер, фильмнің бас кейіпкерлерін сомдаған Алдабек Шалбаев, Асылхан Төлепов және жас актриса Айжан  Жетіру туралы айтып берді.
Қазіргі таңда фильмнің компьютерлік графикасымен қатар, музыкалық әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Фильмнің музыказын композитор Арман Жайым жазған. Режиссердің айтуы бойынша, картинада көп классикалық музыка және композиторлардың танымал шығармаларының өңделген нұсқалары бар.
Фильмнің қысқаша мазмұны: Фильм жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ қоғамында қалыптасқан әлеуметтік проблемаларды қозғайды. Жартылай отырықшы және көшпелі тұрмыс кешетін қазақтардың арасын жалғастырып жүрген басты кейіпкер Еңсеп шыңыраудан құдық қазып, Үстіртте аты шығады. Еңсеп бай ауқатты адамдардың құдығын қазып, кедей кепшіктердің тапсырыстарына атүсті қарайды. Осы тәкаппарлығы өзіне кесір болып, ол ақыры жұмыссыз қалады. Ауылға Бұхара жақтан көшіп келген қалпақ деген біреу, Еңсептің орнын басып, Үстіртте ең терең құдық қазады. Бұл Еңсептің қызғанышын оятады. Ол одан да терең құдық қазам деп, ақыры бәсеке түбіне жетеді.



http://aikyn.kz
нравится:    62
Теги: Кино және ТВ, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии