|    |  
15 желтоқсан 2018
23:18
қаз
ШЫҰ халықаралық форумы үнемі Сочиде өтетін болады
22 сәуір, 15:06 893



26 елдің саясаткерлері мен қоғам қайраткерлерінің екі күндік  жұмысының қорытындысы «Сочи декларациясына» қол қою болды. 
Оның негізгі сәттерінің бірі - Сочиде қоғамдық дипломаттардың үнемі кездесіп тұратындығы, деп хабарлайды vesti-sochi.tv. 
Бүгінгі таңда Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына (ШЫҰ) алты ел кіреді: Ресей, Казақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан. 2015 жылы бұл құрамға Пәкістан мен Үндістанды қабылдау туралы шешім шығарылды.
Сочиде келесі форумның қашан өткізілетіндігі әзірше белгісіз. Бірақ оның бастамашысы болған Константин Затуллиннің айтуынша, сочинск алаңы енді ұдайы жұмыс істейтін болады.
«ШЫҰ туралы өте позитивті ойлау қалыптасты. Сондай-ақ Сочи қаласы, мұндағы форум жұмысының жоғары деңгейде өтуіне оңды әсер еткен тамаша жағдай да позитивті көзқарас қалыптастырды»,-деді халықаралық форумды ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы, ТМД елдері Институтының директоры  Константин Затулин.



Жаңалықтар