17 Декабрь
21:33
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
29 қыркүйек 09:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Си Цзиньпин: қырғи-қабақ соғыстан бас тарту керек
28 қыркүйек күні Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ бас ассамблеясының 70-сессиясында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин әлемнің болашағы барлық елдердің күш салуларымен қалыптасуы тиіс екенін мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

«Елдер өздерінің әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын таңдап алып, соны қорғаулары керек», – деді ол.



«Мұнда көп жақты қарым-қатынастың болуы мен біржақты әрекетке тыйым салуға ықпал жасау қажет, – деп атап өтті Қытай лидері. – Сондай-ақ жеңімпаз жақ бәрін өзіне ала беретін ескірген тәсілден де бас тарту қажет. Дау-шарларды өзара диалог пен кеңесу жолымен шешуге тура келеді. Бізге халықаралық және аймақтық деңгейдегі байланыстарды дамытып, әріптестік негізінде байланыстарды өркендету керек». Ол, әсіресе, «қырғи-қабақ соғыс менталитетінен» бас тартудың мәні зор екеніне назар аударды.

Си Цзиньпиннің айтуынша, қазіргі заманғы мемлекет аралық қарым-қатынаста «джунгли заңын» пайдалануға болмайды. Қытай БҰҰ аясында капиталы $1 млрд. болатын бейбітшілік пен даму қорын ашады.

«Мен Қытайдың БҰҰ аясында 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын капиталы бар «Қытай және БҰҰ бейбітшілік және даму қорын» ашатынын және оның он жылдың беделінде жұмс жасайтынын хабарлағым келеді», – деді Си Цзиньпин.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    905
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии