17 Август
15:46
Астана: 23 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Әлем жаңалықтары
15 маусым 17:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сиам егіздері туған күндерін бөлек өткізді


Сиам егіздері өздерінің туған күндеріне ең қымбат сыйлықты – жаңа өмір сүру мүмкіндігін сыйға алды.
 
Кішкентай Эрин және Эбби Деланидің туған күндеріне қарсы сый ретінде олардың денелерін бөлу операциясы операция 11 сағатқа созылды, қазір қыздар интенсивті терапия палатасында дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды The Daily Mail.

Қыз балалар бастарының жоғарғы бөлігі жабысып туған болатын – сиам егіздерінің мұндай түрін "паразитарлық краниопаги" деп атайды және ол табиғатта өте сирек кездеседі.







Операция Филадельфияның балалар ауруханасында жасалып, оның барысында әртүрлі 23 хирургиялық араласу жүзеге асырылды.

Операцияны әр саладан құралған 30 маман бірігіп өткізді. Топтың құрамына дәрігерлер, медбикелер және нейрохирургия, пластикалық және реконструктивтік хирургия, сондай-ақ анестезиология салаларынан басқа да медициналық қызметкерлер кірді.
Қыздары осындай күрделі түрде жабысып туғанын көрген ата-анасы олардан бас тарту туралы мүлдем ойлаған емес. Хизер мен Райли жүктіліктің он бірінші аптасында оларда сиам егіздері туылатынын естіп-біле салысымен, өз балаларына ыңғайлы болатын арнайы аурухананы іздестіре бастапты. Жағдай мерзімінен 10 апта бұрын толғақ басталған кезде тіпті күрделеніп кеткен көрінеді.

Қазір қыздардың жағдайы бірқалыпты, дәрігерлердің болжамы бойынша, таяу арада үйлеріне шығарылатын болады.




 
нравится:    188
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии