24 Октябрь
13:37
Астана: -1 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 336.05
EUR/KZT: 394.49
RUB/KZT: 5.85
CNY/KZT: 50.63
Әлем жаңалықтары
23 маусым 16:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Сібір жарасы» Қарағандыға қайдан келді?


Бүгін Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылындағы мал етінен сібір жарасы қоздырғышының расталуына байланысты елдімекенде төтенше жағдай режимі жариялданды. Бұл туралы облыс әкімінің ауыл шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары Шагурашид Мамлинов мәлімдеді, деп хаарлайды Baq.kz тілшісі.

Облыстық деңгейдегі зертханалық тексерулер Еркіндік ауылы тұрғындарының сібір жарасын жұқтырғанын растады. Қосымша тексерулер жүргізу үшін ауру мал етінің сынамалары республикалық ветеринарлық зертханаға жөнелтілді.

Еркіндік ауылында 465 адам тұрады, оның ішінде ауру малдың етін 62 адам, оның ішінде 21 бала тұтынған. Бүгінгі таңда барлығына дерлік емдік шаралар жүргізіліп, тексерістен өткізілді. Олардан ауру қоздырғышы анықталған жоқ.

Ауру қоздырғышынан көз жұмған 49 жастағы ер адам мал сою барысында саусағын жарақаттап, ал 33 жастағы әйел ауру малдың етінен тұшпара жасау кезінде тұз-дәмін білу үшін шикі етті ауызға салғаны белгілі болып отыр. Қатерлі аурудан көз жұмған екі тұрғын санитарлық-эпидомилогиялық талаптарға сай жерленеді.

«Аса қауіпті ауру ошағының табылуына байланысты Еркіндік ауылы мен одан 50 км радиус қашықтықтағы аумаққа ТЖ жарияланды. Ауылға баратын барлық бағыттар мен дала жолдары жабылды. Бұл ауылдан ауыл шаруашылық өнімдерін тасымалдауға тыйым салынып, көлік қатынасы тоқтатылды», - деді Шагурашид Мамалинов.

Қазіргі таңда республикалық Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің мамандары арнаулы құрал-жабдықтарымен Еркіндік ауылында тексеру жұмыстарын жүргізуде.

«4 маусым күні Еркіндік ауылының тұрғыны ветеринарға малының ауырып тұрғанын хабарлаған. Ветеринар малға уланған деген диаогноз қойып, тиісті шаралар қолданады. Ветеринардың түсініктемесіне сүйенсек, тұрғын үш күннен кейін рұқсатсыз ауру малды сойып, тұрғындарға сатып жіберген. Сібір жарасымен ауырған малды бірден анықтау мүмкін емес. Себебі ветеринар қараған кезде малда температураның жоғары деңгейі байқалмаған. Бұл жолғы сібір жарасы типке сай емес тұрпатта өршіген», - деді Қарағанды облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Саят Мусин.

Мамандардың айтуынша, Еркіндік ауылынан әзірге сібір жарасын жұқтырған бір мал ғана анықталып отыр.

Ауру қоздырғышын жұқтыру жолдары туралы екі нұсқа айтылды. Біріншісі, 30 наурызда аталған малға егілген сібір жарасы вакцинасына кері әсердің туындауы. Екінші нұсқа, бұған дейін сойылған мал көмінділерінің ашық қалуынан болуы мүмкін.

«Республикалық кадастарлық реестрде Шет ауданында 1938-2003 жылдар аралығында 16 сібір жарасы ошағы тіркелген. Еркіндік ауылында сібір жарасы соңғы рет 1965 жылы бір бас малдан табылып, қалдықтары өртелген. Ал Қарағанды облысы бойынша соңғы рет 1988 жылы Ұлытау ауданында анықталып, бір малдың жұқтырғаны белгілі. Сібір жарасы қоздырғышы топырақта 100 жылдан астам уақыт сақталады», - деді ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Марат Мұхтаров.

Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша департаменті басшысының м.а. Болат Қалмағанбетов ватсапп желісінде таралған ақпаратты жоққа шығарды. Ватсаппта Қарағанды облыстық инфекциялық ауруханасындағы сібір жарасымен ауырғандардың құсықтары мен қалдықтары орталық кәріз жүйесіне қосылып, жалпы халыққа қауіп төндіріп тұрғандығы айтылған болатын.

«Қолданыстағы талаптар бойынша, инфекциялық аурухананың қалдықтары бір құбырға жинақталып, заласыздандырылады. Содан кейін барып, орталық құбыр жүйесіне ағызылады. Ауруханаға сібір жарасы диагнозымен түскен науқастардан құсу байқалған жоқ. Ал, суды хлорлау жоспарлы түрде жүйеге асуда. Су жүйесінің тазартылатыны туралы халық бұдан ертерек хабарланған болатын», - деді Б.Қалмағанбетов.

Қазіргі таңда Еркіндік ауылына ауру ошақтарын өртейтін екі арнаулы пеш жеткізілген.

Ауылдағы 1800 ірі-қара, 2500 ұсақ мал мен 900 жылқы малы күн сайын клиникалық тексерістен өтуде.

Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті ҚР ҚК 327-бабының 1-тармағы бойынша Ветеринарлық ережелердi және өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы талаптардың сақтамалмауынан ауыр салдарға алып келу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының 9-21 аралығында Еркіндік ауылының жеті тұрғыны мен Қарағанды қаласының бір тұрғыны облыстық инфекциялық ауруханаға «сібір жарасы» деген диагнозбен жатқызылған болатын. Қарағанды қаласының тұрғынымен байланысқа түскен бес адам дәрігерлердің қадағалауына алынды.

«Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайды. Тек ауру малдың еті арқылы ғана тарайды. Сол себепті алаңдауға негіз жоқ. Егерде мал сою кезінде жарақаттанғаны белгілі болғанда дәрігерлер диагнозды ертерек анықтар еді. Бүгінде инфекциялық ауруханада жатқан 7 науқас арнайы бокста оқшауланған. Тиісті ем-домдарын алуда. Облыста қауіпті аурулар ошағы анықталған жағдайға қажетті жабдықтар мен мамандар жеткілікті», - деді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.


 
нравится:    1769
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии