22 Август
18:51
Астана: 27 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
4 тамыз 10:23
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сицилияда мафияның 11 серігі ұсталды
 

Сицилия полициясы мафияның 11 ірі өкілін ұстады деп хабарлайды Лента.ru.
 Олар әйгілі Коза Ностра мафиясының жетекшісі, 1993 жылдан бері іздеуде жүрген Маттео Мессина Денаромен байланыста болған деп жорамалдануда.
Италия полициясы 2012 жылы Сицилияның оңтүстік-батысындағы ұсақ мал фермасының бірігуіне күдікпен қарап, иелерін бақылауға алған. Аталған фермаға мафия серкелері жиналып, Денародан келген хатты оқып, әрқайсысы өздеріне тиесілі тапсырмалар алып отырған. Қылмыстық топ өкілдері өз "қожайындарының" жасырынуына да көмектескен.
Денароның хаты ақ қағазға қаламмен жазылып, әбден бүктеліп, жіппен байланған. Оны өздері "пиццини" деп атайды. Хатты курьер алдын ала келісілген жерге тастап кетіп отырған, ал, оқып болғаннан кейін мафия өкілдері қағазды түгін қалдырмай өртейді екен. Хат жазу кезінде "қойларды қысқарту керек", "жем-шөп дайын" деген сынды құпия сөздер пайдаланылыпты.
Мафия өкілдерінің қолға түскеніне ел премьері Маттео Рензи де қуанышты екенін айтты. Ол аталған жағдай елдегі қылмыстық топтарға ауыр соққы болатынын да атап өтті.
Айта кетейік, 53 жастағы Денаро 50-ден астам адамды өз қолымен өлтірген. Оның "Мен жалғыз өзім бір моланы толтырдым" деген сөзі жақтастары арасында жиі айтылады. Денаро 1993 жылдан бері іздеуде және Forbes журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең қауіпті 10 қылмыскердің бірі болып есептеледі. 
нравится:    713
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии