17 Декабрь
21:29
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Туризм
13 қараша 16:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Синайдағы әуе апатынан кейін Египеттің туристік саласы 500 млн долларынан айырылады
Египет курорттары қысқы уақытта қонақүйлерді брондауды кері шегеруден және еуропалық елдердің осы елге ұшуларын тоқтатуы салдарынан 500 млн долларынан айырылады. Бұл туралы Египеттің Туристік палатасының ассоциациясының басқарма мүшесі Хусам аш-Шаирға сілтеме жасап Риа-Новости хабарлайды. 



«Еуропалық елдердің ұшуларын тоқтатуы мен қысқы уақытта қонақүйлерді брондауды кері шегеруден келетін шығын 500 млн долларды құрайды. Біздің есептеуімізше, бұл сұрақ 4-5 күн ішінде шешілмесе, Египет бір жыл ішінде екі млрд долларынан айырылады»,- деді аш-Шаир. Синай жартыаралында болған апатқа дейін Египет билігі туризмнен жыл соңына дейін 7,5-8 млрд доллар деңгейінде табыс табуды көздеген.

Еске салайық, осыған дейін Ресей Синайда Airbus-А321 лайнерінің апатқа ұшырау себебін анықтағанша Египетпен әуе байланысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған еді. Сондай-ақ Ұлыбритания, Голландия, Ирландия және Франция да ұшуды тоқтататындығын мәлімдеді.

Дереккөзі: http://7kun.kz/
нравится:    776
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии