19 Август
04:06
Астана: 12 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
1 қыркүйек 09:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сингапурда көшеде кобра мен питон шайқасты (видео)
Сингапурда студенттер кобра мен питонның төбелесін видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады.


Жыландар Наньян технологиялық университетінің жанында көлік жүретін жолдың бойында бір-бірімен шайқасқан.

Аспирант Абишек Амбеденің айтуынша, питон кобраның басына оралып, жарты сағат бойы жібермей ұстаған. Алайда, кобра ұзақ арпалысқаннан кейін басын босатып алып, ағаштардың арасына қашып кетеді.

Оқиға орнына жиналған студенттер зиянкес жануарлармен күрес қызметін шақырған. Мамандар питонды дереу ұстағанымен, ағаш арасына кіріп, ғайып болған кобраны ұзақ уақыт іздеген.



Қазір екі жылан да қауіпсіз орынға жеткізілген. Мамандар студенттерге жолда жүргенде, әсіресе, түнгі уақытта мұқият болу керектігін ескертті.
нравится:    1323
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии