17 Декабрь
16:07
Астана: -10 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
22 қыркүйек 10:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сингапурде құны 140 мың доллар болатын әтір таныстырылды

Luxurylaunches Cuarzo The Circle испандық әтір үйі World of Diamonds корпорациясымен бірігіп, Royale Dream атты хош иістің шектеулі топтамасын ұсынды. Иіссулар Сингапурде «Формула-1» гран-приіне арналған шара аясында таныстырылды, деп жазады Luxurylaunches. Иіссу құтылары жартылай сфера түрінде келеді, ал оның жартысы алтын ұнтағына толы. Әтірді сақтауға арналған қобдиша күлгін түске боялған түйеқұс жұмыртқасынан жасалған екен. Оның іші қозы терісінен жасалса, сырты табиғи өсімдіктермен өрнектелген. Иіссу сирек кездесетін көгілдір бриллиант сақинасымен толығады. Аталған әтір 20 қыркүйек күні Boudoir Noire театрында ұсынылды, деп жазады Lenta.ru. Әтір кең ауқымды сатылымға түспейді. Дегенмен, оларды сатып алу шараның келушілеріне арналған кішігірім бәссаудада мүмкін болып отыр. Royale Dream әтірінің бағасы шамамен 140 мың долларды құраған. Әзірге әлемдегі ең қымбат иіссудың кімге сатылғандығы жайлы ақпарат жоқ. 

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    722
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии