24 Сентябрь
21:55
Астана: -2 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
23 тамыз 16:10
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сирияға кету үшін адам ұрлап, туыстарына қайта сатпақ болған


Қазақстан мен Ресей құқыққорғау органы бірлесе отырып халықаралық террористік ұйымдарға қатысы бар 150-ге жуық адамды іздестіруде.

Өскеменде кездескен қос елдің ішкі істер министрлері Қ.Қасымов пен В.Колокольцев Сирия территориясында соғысқа қатысқан азаматтардың 52-ісіне халықаралық іздеу жарияланғанын жеткізді.

Ресей министрінің айтуынша, екі ел полицейлері Интерпол арнасы арқылы ақпарат алмасуды жолға қойған. Жарты жыл ішінде алмасқан деректер саны 2,7 мың құжат және мұның барлығы экстремистік бағытта. Ресей осы ретте Қазақстанның 41 жастағы Виталий Гайсин мен 30 жастағы Рахим Оразғалиев есімді екі азаматын осы тізімге қосты. Бұған дейін бұл қатарда 21 қазақстандық болған.

Сонымен қатар, осы уақытта Ақтөбеде адам саудасы бойынша айыпталған Нұрлан Омарбековке қатысты сот отырысы басталды. Аталмыш азамат адам ұрлап, тапқан табысқа Сирияға кетуді жоспарлаған.

Белгілі болғандай, Омарбеков радикалды ағымға түрмеде отырған уақытта кірген. Бостандыққа шыққасын өзімен бірге Сирия асатын серік іздестіреді. Алайда, бұл «саяхат» мол қаржыны қажет еткен көрінеді. Осылайша олар жергілікті тұрғынның бірін ұрлап, туыстарынан 5 миллион теңге талап етеді.

Өз өмірі үшін арпалысқан адам қылмыскерлерге құны 3,4 млн теңге тұратын пәтерін нотариалды түрде рәсімдеп береді. Келісімді рәсімдеу кезінде қылмыскерлер қамауға түсті. 


Дереккөзі: e-islam.kz
нравится:    741
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии