17 Август
14:00
Астана: 20 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Кербез
26 мамыр 17:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сірке суын үй жағдайында пайдаланасыз ба?
Сірке суын үй жағдайында пайдаланасыз ба?


Сірке суының тек ас үйде емес, үй шаруасында да пайдасы көп. Оның иісі алғашында қатты өткір болып шыққанымен, артынша білінбей ұшып кетеді. Есесіне, сірке суы - ешқандай зияны жоқ зат. Ендеше, назарларыңызға оны үй жағдайында пайдалануға мүмкіндік беретін бірнеше кеңес ұсынамыз. 
1. Тазартқыш құралдардың орнына пайдалану. Мұндай көп қызметті тазартқышты 2/3 стақан суға 1/3 сірке қышқылы мен 2 ас қасық ыдыс жуатын құралды қосу арқылы қол жеткізуге болады.
2. Шәугім түбіндегі қақты кетіру. Қақ тұрып қалған ыдысқа су мен сірке суын құйып, аз қайнатса жеткілікті. Артынша бірнеше сағатқа қалдырып, таза сумен шаю қажет.
3. Нан салатын ыдыстың көгеріп кетуін алдын алу. Аптасына 1-2 рет сірке қышқылын суға араластырып сүртіп тұрсаңыз жеткілікті.
4. Жұмыртқаны кайнатқанда. Жұмыртқаны қайнатпас бұрын суға сірке қышқылын аз мөлшерде қосып жіберсеңіз, қабығы шытынамайтын болады.
5. Шыны ыдыстарды тазалау. Жұқа шыны, хрустальдан жасалған ыдыстарды ыстық сумен немесе ас содасымен жууға болмайды. Ондайда ыдыстың түсі өзгеріп, өңі сарғаяды. Сондықтан мұндай ыдыстарға ұқыпты қарап, жылы сумен жуып алып, соңынан шамалы сірке суы қосылған сумен шайса, жылтырап шыға келеді.
6. Терезені жуу. Терезені алдымен сірке қышқылы қосылған сумен сүртіп, артынша құрғақ шүберекпен тазарту қажет. Осылайша әйнек айнадай жарқырайды.
7. Жағымсыз иістен арылу. Ол үшін бөлме ішіне сірке қышқылы құйылған ыдысты қойып қойсаңыз жеткілікті. Ыдыстың қақпағы ашық тұруы тиіс. Тоңазытқыштағы жағымсыз иісті кетіру үшін де осылай жасауға болады.
8. Гүлдер үшін. Олардың өмірін ұзартамын десеңіз, суға аз сірке қышқылы мен қант қосып, гүлдеріңізді суғарып тұрыңыз.
9. Майлы табаны тазарту. Егер қазан мен табаны тазарта алмасаңыз, ішіне бір стақан су, сірке қышқылын араластырып құйып, 5 минут бойы қайнатыңыз.
10. Аяқ киімдегі жағымсыз иісті кетіру. Туфлидің ішкі бөлігін сірке қышқылымен сүртсеңіз жағымсыз иістен құтыласыз.
11. Кеуіп қалған фломастерлерді қайта қалпына келтіру. Оларға екінші өмір сыйлау үшін 1-2 тамшы тамызу жеткілікті.
12. Кілем тазалауда. Сірке суы қосылған сумен кілемді сүртсе, оның түрі ашылып, бояуы жарқырайды. Әртүрлі бояулы кілемді қырыққабат тұздығымен сүртсе, өңі кіре бастайды. Сондай-ақ, ағаш үгіндісі де кілемді жақсы тазартады. Әуелі кілемді ұрып шаңын кетіреді де, сірке суы қосылған сумен (бір шелек суға 2 ас қасық сірке суы) дымқылдайды. Содан кейін ағаш ұнтағын щеткамен кілемге жағып, ысқылап сүртеді. 
 
 Дереккөзі:Baq.kz
нравится:    2686
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии