24 Август
12:40
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
24 наурыз 11:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сиыр мен түйе сүтінің қайсысы пайдалырақ
Сиыр сүтінің зиян екенін білсек те, оны күнделікті тұрмыста жиі тұтынамыз. Немесе одан жасалған май, ірімшік, құрт сынды өнімдерді жейміз. Олардың барлығы болмаса да, көп бөлігі сиыр сүтінен жасалады. Олай болса, сиыр сүтімен ғана шектелгеніміз дұрыс па?


Сиыр сүті

Майлылығы 3–6 %

Әлемде ең көп таралып, көп тұтынылатын – сиыр сүті. Ол айтарлықтай тәтті. Оның құрамында адамға қажет аминқышқылдармен қамтамасыз ететін құнарлы ақуыздар, сүтті май, А, B1, B2, B12, D дәрумендері, кальций, калий бар. Соңғы аталғандары сүйектің саулығын қамтамасыз етеді. Сиыр сүті қан аз болғанда, бүйрек, жүрек-қан тамырлары ауруы кезінде көмектеседі. Өкінішке орай, бұл сүт барлық адамға бірдей жаға бермейді. Бар мәселе ересек адам ағзасының сүт құрамындағы қантты еріте алмайтындығында. Мұнымен қатар, сүт ақуызын көтере алмайтын кездер болады. Егер сүтті ішкен соң ішіңіз кепсе, оны жартылай қышқыл сүтті өнімдермен алмастырыңыз.


Ешкі сүті

Майлылығы: 4–9 %

Ең пайдалы сүт түрінің бірі. Оның құрамы ана сүтіне қатты ұқсайды. Ертеректе анасыз қалған сәбилерге ешкі сүтін беретін болған.

Ешкі сүтінің иісі қышқыл татиды. Сол себепті көп адамға ұнай бермейді. Бұл иіс иесінің ешкіге дұрыс күтім жасамайтынын білдіреді. Ол – емшегінде кішкентай сызат болған кезде пайда болатын иіс. Бір ешкідегі шірік пен ісік барлық отардың сүтін бұзуы мүмкін. Сондықтан оларға ерекше күтім қажет.

Ешкі сүті ағзамызға тез сіңіп, зат алмасуды реттеп, иммунитетті жақсартады. Оның құрамында кальций, калий, каритон сынды заттар өте көп. Мұнымен қатар, сиыр сүтіне қарағанда, майлылығы да жоғары, ал темірі аз.


Қой сүті

Майлылығы: 7,2 %

Қой сүтінен жасалатын ірімшік аса танымал болса да, оның сүтін тұтынуға болатындығы туралы көп адам біле бермейді. Мұны Кавказ, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Италия және Греция елдері күнделікті тұрмыста пайдаланады.

Қой сүті сиырдыкіне қарағанда, бір жарым есе пайдалы. Оның құрамында А және В дәрумендері өте көп. Бұл сүт – тамаша антиоксидант, ол А, D дәрумендері мен амнқышқылдардың синтезделуіне жағдай жасайды. Теріні қалпына келтіріп, ми жұмысын жақсарту сынды қасиеттері бар. Сиырдың немесе ешкі сүтіне қарағанда, құрамында мырыш пен кальций мөлшері жоғары.


Бие сүті

Майлылығы: 1,9 %

Шетелге бұл сүт экзотика болса да, бізде сүйсініп ішеді. Айтпақшы, ол сиыр сүтінен әлдеқайда асып түседі. Бие сүтінің құрамында қант өте аз. Мұнымен қатар, сиыр сүтіне қарағанда, ақуызы 1,5 есе аз. Сиыр сүтіне қарағанда да, ағзаға баяу сіңеді.

Бие сүтінің құрамында ағза үшін өте пайдалы А, С, В1, В2, В6, В12 дәрумендер бар. Осындай ерекше құрамының арқасында оны зат алмасу процессі бұзылған кезде ішуге кеңес береді. Құрамында май аз болғандықтан, диетолог мамандар ішкенді жақсы көреді. Онкологиялық аурулар мен суық тию кезінде  өте пайдалы. Еркектердің әлеуетін жақсартып, қан айналым жүйесін ретке келтіреді.


Түйе сүті

Майлылығы: 5%

Ол Орталық Азияда және араб мемлекеттерінде кеңінен танымал. Егер біздің елге қонаққа келсеңіз, міндетті түрде дәмін татып көріңіз. Ол сиыр сүтіне ұқсағанымен, бір шетінен тұзды, бір шетінен тәтті, пайдалырақ. Оның құрамында кальций, калий, натрий, фосфор және аминқышқылдар өте көп.

Ол көп уақыт сақталып, ыстық ауа райында бұзылып кетпейді. Құрамында сиыр сүтімен салыстырғанда лакто- және бифидобактерийлер аз болса да, антибактериялық заттары өте көп. Ол ағзамыздан канцерогенді заттарды сыртқа шығаратындықтан, онкологиялық ауруларда пайдасы мол.


Енеке (буйвол) сүті

Майлылығы: 7–8 %

Дәмін татып көрмесек те, моцарелла ірімшігін жақсы білеміз. Дәл осындай ірімшік енеке сүтінен жасалады. Аталған сүтті Италияда, Таяу Шығыста және Үндістанда кеңінен тұтынады. Ол сиыр сүтіне қарағанда әлдеқайда қою.


Енеке сүтінде сиырдікіне қарағанда кальций көп. Бұдан өзге магний, калий, мырыш, темір, фосфор және В тобындағы дәрумендер жетерлік. Оның құрамында холестерин аз болғандықтан, диета кезінде ішуге кеңес беріледі.

Буйвол  сүті сиыр сүтіне қатты ұқсайды. Бірақ сиыр сүтіндегі заттар үш есе артығымен бар. Осы сүтті пайдалану арқылы иммунитетті көтеріп, жүрек, сүйек, тері жұмысын жақсартуға болады.

Stan.kz
нравится:    1785
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии