|    |  
15 қараша 2018
09:04
қаз
​Сіз ойлап та үлгермеген суық тиюдің 5 белгісі
07 қараша, 14:54 55

Олар ауру туралы ертерек хабар беріп жатады.

Мұрынның бітелуі, тамақтың қарлығуы, жөтел немесе көздің жасаурауы секілді белгілер біздің ағзамызға ауру жақсылап тұрып орнығып алғаннан кейін туынлдайтын белгілер. Бірақ суық тиюді алдын ала ескертетін негізгі белгілер де жоқ емес.

Шым-шытырман түстерді көру
Түнде көретін қоқынышты түстер мен неше түрлі сюжетке ие түстердің арасында байланыс бар екендігін ғалымдар анықтаған болатын. Дәрігерлердің айтуынша, бұл түнгі уақытта көтерілетін дене температурасының әсерінен ми белсенді әрекет етіп, нәтижесі осылай көрінуі ықтимал. Егер түнімен шым-шытырман оқиғаға толы түс көретін болсаңыз, денсаулығыңызды тексертіп көріңіз.

Тағамдардың дәмінде өзгерістің болуы
Сүйікті тағамдарыңыз бен шырындарыңыздың дәмі мен иісін сезінуге тек тіл ғана көмектеспейді, мұрын арқылы да дәм туралы 75-тен 95%-ға дейінгі аралықта ақпарат алады екненбіз. Мұрынның сезу қабілеті нашарлағаннан кейін біздің дәм сезуіміз де айтарлықтай төмендейді, нәтижесінде күнделікті таңертең ішетін кофеңіз не шырыныңыз дәмсіз болып қалуы мүмкін. Егер сондай жағдай орын алса, кофе қайнатқышыңызды ауыстыруға асықпаңыз, бұл сізге тұмау келе жатқандығынан хабар беруі ықтимал.

«Зиянды» тамақтарға тәбеттің артуы
Ауру дене үшін де, біз үшін де  әрдайым күйзеліс. Ал біз күйзелісті бастан өткергенде, өзімізді лезде жақсы сезінуге көмектесетін бірдеңені күтеміз. Негізінде бізге жылы әрі С дәруменіне бай тағамдар көмектесетіні белгілі, оған апельсин, болмаса бал және лимон қосылған шай, тіптен болмаса тауық сорпасы жатады. Егер таң атқаннан сіздің «зиянды» тағамдарға тәбетіңіз тартса, апельсин жеп көріңіз, сізге суық тиген болуы әбден мүмкін.

Шөлдеу
Суық тию кезінде түшкіру мен жөтелу нәтижесінде денеміз көп су жоғалтады. Дене температурасының көтерілуі де оны барынша азайта түсіп, нәтижесінде шөлдетеді. Міндетті түрде сұйықтық ішіңіз (морс немесе лимон қосылған жылы шай), алайда шамадан асырып та жібермеңіз.

Бастың өзгеше ауыруы
Вирусты аурулардың тағы бір классикалық белгілеінің бірі — бұлшықеттің ауырсынулары. Кей кездері ауырған кезде бас терісі өте сезімтал келеді және науқастардың көбісі шашты тарағанда немесе жуғанда ауырсынуларды сезініп жатады. Бұл көбіне синуситтен хабар береді, яғни мұрын жолының қабынулары. Егер басыңыз тым сезімтал болса, байқаңыз.

Дереккөзі:​goodhouse.ru
Теги: Денсаулық
Жаңалықтар