|    |  
17 ақпан 2019
14:42
қаз
Сіздің қандай түс көргіңіз келеді?
17 қаңтар 2019, 16:25 60

Әрине, кім-кімнің де жақсы түс көргісі келетініне күмән жоқ. Осыған қол жеткізуге бола ма? Орыс психологы, түс мәселелерін зерттеуші Петр Мирославлевтің пайымдауынша, бұл — қиял емес, әбден жүзеге асыруға болатын жағдай. 
Рас болса, ол өзінің түс көруін меңгеріп, басқара алатын жағдайға жетіпті. Көп жылғы байқау мен жүгізген тәжірибелердің негізінде Петр осындай қорытындыға келіп отыр. Мәселен, әрбір адам бірнеше күн бойы ұйықтар алдында өзін мен мынадай жақсы түс көремін деп ойша әзірлесе, ол нақ сондай түс көреді екен.
Әрине, әрбір адамның физиологиялық-психологиялық ерекшелігіне байланысты қалаған түсін көруге дайыдалу уақыты әр түрлі: атап айтқанда 3 минуттан 30 минутке дейін. Мұның өз кісілердің түнгі ұйқы кезінде басқа да неше түрлі сұмдықтар көрмеуінің де алдын алады екен. 
Ол ұсынатын келелі бір кеңес мынадай: ұйықтар алдында адам төсегі үстінде көктен алтын жауып немесе ақ жаңбырды елестетуге тиіс. 


Жаңалықтар