|    |  
13 желтоқсан 2018
06:39
қаз
​Сізге D дәрумені жетіспеушілігінің 7 белгісі
20 қараша, 12:03 67

Жылдың күңгірт тартқан уақытында жетіспеушілігі байқалатын D күн дәрумені біздің ағзамызға ауадай қажет екендігі белгілі. Оның жеткіліксіздігі  балаларда рахиттің немесе ересек адамдарда сүйектің  сынғыштығын дамытып қана қоймай, соңғы зерттеу нәтижелері аталған дәруменнің ең төмен деңгейінің өзі остеоартрит, диабет, тіпті обыр сынды аурулардың даму тәуекелдерінің арта түсетіндігін көрсеткен.
Дер уақытында шара қабылдау үшін D дәруменінің жетіспеушілігінің белгілерін білу де маңызды. Дегенмен, дәруменді өз бетіңше тағайындау денсаулығыңызға зияны бар екендігін де естен шығармаған абзал. Сондықтан дәріханаға бармас бұрын дәрігерден міндетті түрде кеңес алып, қажетті сынамаларды тапсырғаныңыз жөн.

Сіз үнемі шаршап жүргеніңізді сезінесіз

Сіз көп ұйықтасаңыз да ағзаңызда D дәрумені жетіспейтін болса, онда үнемі өзіңізді шаршаңқы сезінетін боласыз.  Бұл медициналық факті:  медицина ғылымына арналған солтүстік америкалық журналда жария етілген зерттеулер мен оның нәтижелері тез шаршаумен және созылмалы шаршаңқылық D дәрумені деңгейінің төмен болуымен тікелей байланысты екендігін көрсеткен. Бұған қоса, дәруменнің жеткілікті дозасын алған еріктілер тез арада көңіл-күйлерінің жақсарып, жұмыс қабілетінің арта түскендігін атап өткен.

D дәрумені тапшылығының тағы бір белгісі – күйзеліс.

Бұл ең бірінші кезекте мидың көптеген бөліктерінде, оның ішінде күйзеліспен байланысты бөлігінде D дәруменінің баяулатқышының табылуымен байланысты деп түсіндіріледі. Бұған қоса, АҚШ-тың Ұлттық энокриндік қоғамы жүргізген зерттеу мынаны көрсеткен: күйзеліске шалдыққан науқас D дәруменін қабылдағаннан кейін жеңілдеп қалғанын, тіпті күйзеліс белгілерінің жоғалып кеткендігін айтқан.

Тершеңдік

D дәрумені тапшылығының классикалық белгілерінің бірі – бет пен маңдайдың үнемі тершең болып тұруы. Егер дене температураңыздың қалыпты екендігіне және дене қозғалысыңыз жоғары болмауына қарамастан,  маңдайыңыз үнемі дымқылданып тұратын болса, онда сізге «күн» дәруменінің деңгейін тексеріп көрген дұрыс.

Сүйектің сырқырауы мен бұлшық еттердің ауруы

Сүйектің, бұлшық еттің тіпті буындардың ауруы D дәрумені жетіспеушілігінің белгісі болуы мүмкін. Бұған қоса, үнемі сүйектің сынуы және зақымдануы да осынау маңызды дәруменнің сіздің ағзаңызға мүлдем жетпей жатқандығының нақты белгісі.

Ұйқысыздық

D дәруменін жеткілікті деңгейде тұтыну толыққанды түнгі демалысты 16 пайызға арттырады. Journal of Sleep Research журналында нәтижесі жария етілген зерттеудің авторлары осындай қорытындыға келіп отыр. Демек, егер сіз ұйқыңызға қатысты үнемі проблемаға душар болып жүрсеңіз, онда D дәруменінің деңгейін тексертіп қойғаныңыз жөн болады.

Жиі суық тию

D дәрумені тапшылығының тағы бір белгісі – созылмалы вирустық ауруларға бейімділіктің артуы. Аталған дәруменнің жетіспеушілігі иммундық жүйенің қысылып қалуына алып келеді және ол вирустардың шабуыла тиімді қарсылық таныта алмайтын болады. Сізге жиі суық тиіп қала ма? Онда сізге D дәрумені аса қажет болуы мүмкін.

Дереккөзі: ​goodhouse.ru


Жаңалықтар