Әлем жаңалықтары
6 қазан 09:22
​Словакияның бірінші президенті Михал Ковач дүниеден озды

 
Словакияның бірінші президенті Михал Ковач кеше Братиславада 87 жасында көз жұмды. БАҚ дерегі бойынша бірнеше жыл бұрын президентке Паркинсон диагнозы қойылған. Ол өмірінің соңғы күндерін ауруханада өткізген. Дәрігерлер жасанды тыныс алдыру аппаратына қосқанымен, саясаткердің жүрегі шыдамаған.
 
Михал Ковач 1993-1998 жылдары Словакияның президенті болды. Ол президенттіке Чехословакия екіге бөлігеннен кейін сайланған. Оған дейін Ковач Словакияның Қаржы министрлігін басқарып, федералдық парламент төрағасы болған.
 
Дереккөз: Аргументы и факты

Комментарии




Яндекс.Метрика