|    |  
23 қаңтар 2020
21:58
қаз
Смартфондардың экраны унитаздан үш есе лас болып шықты
25 тамыз 2018, 12:25 52


Көптеген адамдар смартфондарын үнемі жанында ұстап жүреді – туалетке, ваннаға алып кіреді, көшеде сөйлесіп бара жатады, ұйықтаған кезде жастықтың астына қойып қояды. Ал, гигиена ережелерін сақтау қайда қалды? Ұлыбританияның сақтандыру ұйымдарының бірі телефон қаншалықты лас екенін тексеруді жөн көріпті, деп хабарлайды Вести.

Insurance2go мамандары мәлімдегендей, адамдардың үштен бір бөлігі (35%) өз телефондарын тазартқыш сүлгімен мүлдем тазартпаған, тазартуға арналған сұйықтықты немесе басқа ұқсас заттарды пайдаланбаған. Әрбір 20 адам өз смартфонын жарты жылда бір рет тазалаған.

Ұйым қызметкерлері зерттеуге үш танымал смартфонды (iPhone 6, Samsung Galaxy 8 және Google Pixel) алып, олардағы аэробты бактерияларды, ашытқылар мен саңырауқұлақтарды тексерген. Нәтижесінде телефонның негізгі қолданылатын тетіктері («Кері» түймешесі, негізгі экран, телефонның артқы беті) микроағзалардың әрбір типінің бірнеше түрлерімен ластанғаны мәлім болды.

Бұдан кейін сақтандыру компаниясының қызметкерлері телефондардың ең лас бөліктерін анықтауға кіріскен. Нәтижесінде телефонның экранында орта есеппен алғанда шамамен 85 дана микроағза «өмір сүретіні» анықталды, салыстыру үшін – туалет орындығында шамамен 24 микроағза, ал компьютердің пернетақтасы мен тінтуірде – шамамен 5 микроағза «өмір сүреді». Телефондардың артқы бетінде микроағзалар саны салыстырмалы түрде аз кездеседі – 30 дана. Ал телефонды сөндіру түймешесінде 23,8 дана, бұғаттау түймешесінде 10,6 дана микроағза табылған.

Мамандар көптеген адамдар өз смартфондарында зиянды микробтардың осындай мөлшерде өмір сүретінін білмейді де екен.
 


Жаңалықтар