Әлем жаңалықтары
2 қараша 09:41
​Сочиде ұшақтың құлаған сәті видеоға түсіп қалды

 
Кеше туристер мінген Eurocopter AS-350 ұшағының Сочиде құлаған сәті видеоға түсіп қалған. Кадардан теңізге қарай бағыт алған әуе кемесінің бірден биіктіктен құлдилай жөнелгенін көруге болады. Ұшақ жеке меншік тұрғын үйге құлаған. Тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Борттағы бір жолаушы қаза тауып, бесеуі жарақат алған. Ұшақтың новосібірлік «Ельцовка» компаниясына тиесілі екені анықталды. Ресейдің Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.
 


Дереккөз: Лента.ру

Комментарии




Яндекс.Метрика