14 Декабрь
04:36
Астана: -26 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Әлем жаңалықтары
4 қыркүйек 15:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Соғыс салдарынан 13 млн. бала мектептен қалып отыр
Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінің 13 миллионнан астам баласы өз жерлеріндегі әскери қақтығыстардың салдарынан мектепке бара алмай отыр. Бұл туралы «Вести.Ru» хабарлады.


Қыркүйектің 2-сі күні БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар қорының берген мәліметі бойынша, бұдан бірнеше жыл ғана бұрын жұртты жалпыға ортақ орта біліммен қамтамасыз етуге жақындап қалған аймақтар бір ғана сәтте солардың бәрінен айрылып қалып, апатты жағдайды бастан кешіп отыр.

Аталған аумақтағы елдерде оқу орындары шабуылдарға жиі ұшырайды. Көбіне ол алдын ала жоспарланған жорықтар болып шығып жатады. Осындай тағылықтардың салдарынан Сирияның, Ирактың, Йеменнің және Ливияның қатты бүліншілікке ұшыраған 8 850 мектебінде сабақ өткізу мүмкін болмай қалған. Тағы бір жерлерде мектеп ғимараттарын содырлар басып та алған.

Бұл елдерде өз өмірлерін қауіптен сақтау үшін «ыстық нүктелерден» қашып шығып жатқан мұғалымдер де жетерлік. Балаларының қауіпсіздігін ойлаған ата-налардың өздері де оларды қазір мектепке жібере бермейді. Бұған қоса, Иордания, Ливия және Түркия мемлекеттерінде жүрген 700-ден аса сириялық босқындардың перзенттері жергілікті білім мектептері толы болып, жаңа оқушылар қабылдауға мүмкіндіктері болмағандықтан, оқуларын жалғастыра алмай жатыр.

Осыған орай БҰҰ сарапшылары жағдайды біршама түзету үшін балалардың өздерін өздері оқытулары мен дистанциялық білім беру, сондай-ақ оның басқа да дәстүрден тыс тәсілдерін қолдануды ұсынып отыр. ЮНИСЕФ жұртты, ұйымдар мен елдерді осылайша қақтығыстардан зардап шеккен аймақтардың білім беру жүйелері үшін көбірек қайырымдылық көмектерін беруге шақырады. Осылай жиналған қаржылар балаларға білім беретін сыныптарды арттырып, керекті оқулықтармен қамтамасыз етуге жұмсалуы тиіс.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    747
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии